Диалогтік оқыту
Алға ауданы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.А Шаукебаеваның тізбектелген сабақтар топтамасына «Диалогтік оқыту» модулі туралы рефлексивті есебі.
«Баланы оқытудың мақсаты- оны әрі қарай
мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету»
Эдгард Хабард.
Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, мен жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы оқытуды» алып отырмын, себебі диалог арқылы оқыту әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенінмеңзейді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет ).
Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38-бет). Ал Барнстың пікірінше сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38-бет). Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Дәлелдеме идея мен мүмкіндіктерді ілгерілету және келісу деген анықтама береді. Оқушылар құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40-бет). Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден- бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Келесі ғалымдардың Рэгг және Браун пайымдауынша оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен. Олардың еңбегінде жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау мәселесі қарастырылған (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41-бет). Харгривс пен Гэлтон ойларынша күту уақыты үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 42-бет). Диалог арқылы оқытуға В. Л.Скалкин мынадай сипаттама бере отырып «Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол- өзара байланысы бар мәтін»,- дейді. Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы, оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Талқылау мен диалог өзінің танымдылығы мен ерекшеленеді.
Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет. Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша (нұсқаулық 38бет) оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мүмкіндік береді. Бұны өзім 9-сыныпта «Video or cinema» тақырыбында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас орнатқан кезде байқап, жауаптарынан көрдім, оқушылар өздеріне мәліметтерді түртіп алғанмен ойларын жеткізуге асықты, сабақта өздерінің теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді және сыныптастарымен бөлісті. Мұғалім жай, бір сарынды үнмен сөйлесе немесе тек өзі сөйлейтін болса оқушыларда селқостық пайда болады (Чиксентмихаи, 2008). Бұл көріністі бұрынғы өткізіліп жүрген сабақтарымды курс барысында ұйымдастырылған мектептегі тәжірибе барысындағы сабақтарыммен салыстыра отырып аңғардым. Бұған дейінгі дәстүрлі сабақ беру үрдісі бойынша мәтінді өзім оқып, аударып, тақырып бойынша қажетті ойлар мен ақпараттарды өзім беріп, өзім талдау жасап, тек олар тыңдаушы және көшіріп алушы болды. Мұның соңы оларды немқұрайлыққа әкелді. Жіберілген осы сынды қателіктер мен кедергілерді жоюға курс барысында игерген білімдерім үлкен септігін тигізді. Оқушылардың өз бетінше ізденісі мен жеке пайымдаулар жасап, өз пікірін, өз ойын айтуға бағытталған тапсырмалар ұсынып, оларға топтарда бірлесе жұмыс жасауға, ортақ пікір шығаруға мүмкіндік бердім. Бұл жұмыстар барысында оқушылардың мәтінді оқып, таныс емес сөздерге мән беріп, аударып, бір-біріне кеңес беріп, одан нәтиже шығаруы мені қуантты. Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу (Мерсер, 2000) керек екеніне көз жеткіздім. Аталмыш пікірмен астарлас бағытта нәтиже берген жұптық жұмыс түріне тоқталғым келеді. Оқушыларға суреттерді таратып, суреттегі бейнені жұптық әңгіме жүргізуге ұсындым. Жұптық әңгіме кезінде оқушылар түрлі идеяларды ортаға салды. 1Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден-бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді (Барнс, 1976 пен Мерсер, 2000). Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар диалогтік кезінде (Барнс, 1971) өте белсенді болды. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Күрделі емес пікір сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білуді үйренгенінің өзі мен үшін де, оқушы үшін де жетістік болды.
Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және сабақтың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге оқу барысында олардың жолдасы болуы қажет.
Сұрақ қоюдың түрткі болу, ой салу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникалары сипатталған (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 бет). Практикада мұндай сұрақ қою түрлерін қолданып жүргенмен теориялық жағын үйрену мен үшін жаңалық болды. Сұрақты нақты, дәл, белгілі – бір мақсатты көздеп қоюға мүмкіндік береді, сабақта болатын тиімді және тиімсіз сұрақтардың болуы сияқты. Яғни мұғалім әр қадамын нақты ғалымдардың теориясына, зерттеулеріне сүйеніп қадам жасай алады. Алдыңғы тақырыпта бағалау түрлері, әдістері туралы мағлұмат алсақ, енді диалогтық оқытуды да нақты теорияны практикамен бекітіп отырдым. Рэгг және Браунның оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен, бұл мұғалім үшін маңызды мәселелердің бірі. Жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау, одан шығу мәселесі қарастырылған. Мысалы: мәтін бойынша тапсырма берсек, оқушы түсінбедім деген сұрақ қойса, біз оған түсіндіруге уақыт жібереміз, ал бір партадағы екі оқушыға тапсырсақ олар ақылдасып, бір-бірімен кеңесіп жетеді (Харгривс және Гэлтон, 2002). Күнделікті оқытуда көбіне жауап беру жылдамдығына көп көңіл бөлмейміз, жауап беруге кететін уақытты өлшемейміз, тек шамамен жүреді екенбіз,осының әсерінен үнемі уақыт тығыздығы сезіледі.Осындай кезде мұғалім оқушыларды асықтырып ойларын жинақтауға уақыт бермейді. Ал, енді осы бағдарламаға келсек нақты теорияға сүйеніп, әр қадамымызды реттеуге болады, осы арқылы жаңа технологияны кеңірек қолдануға мүмкіндік туғызды.
Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. «Үйренуді үйрету» идеясы менің алдымда жүзеге аса бастады.
Рефлексия: Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады.
Топтық жұмыстың тиімді әдістерін жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау
Сабақтың тақырыбы: Топтық жұмыстың тиімді әдістерін жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау.
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
бір-бірінің пікірін тыңдау;
бірін -бірі сыйлау;
берілген тапсырманы нақты орындау;
бірігіп, белсенді жұмыс жасау;
бәсекелестікке қабілеті болу;
Коучингті өткізу әдісі:
1.Сауалнама 4.Тақырыппен жұмыс
2.Топтық жұмыс 5.Ассоциация құру
3.Талқылау, талдау 6.Кері байланыс
Коучинг барысы:
І сессия. Таныстырылым, жоспарлау.
|
Уақы ты
|
Коучердің іс-әрекеті
|
Коучингке қатысушының іс-әрекеті
|
Қажетті ресурстар
|
3 мин
|
Мұғалімдерге коучинг туралы түсінік беру, тақырыбын ашу.
|
Слайдта бейнені көріп танысады, түйін сөз табады.
|
АКТ, тақта, слайд
|
7 мин
|
Проблеманы анықтау
|
Сауалнама толтыру
|
Сауалнама
|
5 мин
|
Мұғалімдерді «Джигсо» әдісімен топқа бөлу, сергіту тренингі.
|
Мұғалімдер топтарға бөлінеді, жағымды қасиетін атайды.
|
Өсімдіктер суреттері
|
5 мин
|
Миға шабуыл
|
Топтау сөзіне ассоциация құру.
|
Тақта, маркер.
|
30 мин
|
Коучингке қатысушыларға топтық жұмыстың тиімділігін жүйелі жүргізуге арналған тақырыптарды бөліп беремін. Тапсырма:
Топтық жұмыстың тиімділігі
Топтық жұмыстың кемшілігі
|
Топтар өз тапсырмаларын ватманда жазып, тақырыптың мағынасын ашып қорғайды.
|
Ватман, маркер, стикер.
|
10 мин
|
Кері байланыс
|
Жарыссөз, пікір алмасу.
|
АКТ тақта, стикер.
|
10 мин
|
Рефлексия
|
Екі жұлдыз, бір тілек.
|
Мұғалімдер өтілген сабаққа байланысты тірек сөздерді стикерлерге жазып, постерге жабыстырады.
|
ІІ сессия. Бақылау.
|
70 мин
|
Сабаққа ену
|
Коуч бақылайды
|
Сабақты бейнетаспаға түсіру.
|
ІІІ сессия. Талқылау.
|
30 мин
|
Рефлексиялық есеп
|
Кәсіби әңгіме
Сабақтарды топта талқылау
|
Мұғалім өзін-өзі бағалайды.
|
Рефлексия: Топтық жұмыста оқушылар бірлесе , ұжымдаса жұмыс істейді. Сонымен қатар шапшаңдыққа,тез ойлауға, сұрақтарға жылдам жауап беруге мүмкіндік береді.
Әдебиет тізімі
1.Бережнова Л.Н. Этнопедагогика: учеб. пособие / Л.Н. Бережнова, И.Л. Набок, В.И. Щеглов.- М.: «Академия», 2007.- 240с.
2. Бережнова Е.В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: учебник / Е.В. Бережнова, В.В. Краевский.- М.: «Академия», 2005.- 128с.
3. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике (междисциплинарный) / Г.М. Коджаспирова, А.Ю. Коджаспиров.- М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: ИКЦ «МарТ», 2005.- 448с.
4. Коджаспирова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах / Г.М. Коджаспирова.- М.: Айрис-пресс,2006.- 256с.
5. Максакова В.И. Педагогическая антропология: учеб. пособие / В.И. Максакова.- М.: «Академия», 2004.- 208с.
Достарыңызбен бөлісу: |