жобалау
қызметін
бүгінгі
таңда
өзекті
болып
отырған
ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық - технологиялық жаңа түрі
тұрғысынан қарастыру идеясы;
жобалауды ой - әрекет жүйесі әдіснамасы
негізінде қалыптасатын
басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы;
әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына сай жобалауды ресурстарды
тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде пайдалану идеясы, т.б.;
Аталған
идеялардың
әрқайсысын
бөлек
қарастырайық.
Индустриалдықтан кейінгі деп аталатын әлеуметтік қоғамның күшті
ықпалымен
ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық - технологиялық
жаңа түрі пайда болуда. Оның негізінде ғылым мен өнер, адам психологиясы
мен
оның әлеуметтік ортамен, қоғаммен қарым -қатынасын жобалау
тұрғысында қарастырылу белең алып келеді. Сөйтіп, жобалау қазіргі
заманға тән ойлаудың стильдік қасиетіне, бүгінгі күн мәдениетінде адамның
шығармашылық әрекеттерінің барлық қырларын қамтитын басты типтік
белгісіне айналып келеді.
Бүгінде әлеуметтік - қоғамдық ғылымдар
саласында жобалау кеңінен
зерттеле бастады. Ол негізінен
жобалау қызметінің әлеуметтік
контекстінде
қаралып, әлеуметтік болжау мен жоспарлауға қарама–қарсы
қойылуынан байқалады. Бұл жерде бір топқа әлеуметтік жобалауды
болашақта жетуді көздейтін идеалдық түрдегі
алдын ала жасалатын
рескрептивтік модель деп есептейтіндер алынса, келесі топ өкілдері
әлеуметтік жобалау –әлеуметтік объектінің болашақта қажет болатын
бейнесі деп санайды. Үшінші топ өкілдері жоғарыда келтірген түсініктерді
жинақтай отырып,
әлеуметтік жобалау әлеуметтік басымдық әрекеттер
Достарыңызбен бөлісу: