Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет18/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Қорытынды: Атмосфераның құрамы мен құрылысына қысқаша шолу сипатынан мынаны ескеру қажет:

  1. атмосфера географиялық қабықтың табиғатымен бірге, қоса дамыды;

  2. өсімдіктер мен жануарлар атмосфераны демалу үшін пайдалана келе, оны өздері жасайды;

  3. барлық атмосфералық газдар, Вернадский (1927) көрсеткендей биогенді;

  4. географиялық қабықта биосфераның жоғарғы шекарасы – 20 километр биіктікте, озон қабаты астында орналасқан.

Күн сәулелерімен тікелей жылынып, жылуын төменгі қабаттар мен ауаға беретін бет төсеніш бет деп аталады, оның температурасы, мөлшері және өзгеруі ( тәуліктік және жылдық) Жылу балансына байланысты.
Жылудың бір қабаттан екінші қабатқа берілуі жылу өткізгіштікпен реттеліп отырады. Жылу өткізгіштік – жылуды бірден бірге беру мүмкіншілігі – қалыңдығы 1см қабаттың шекарасындағы температуралар айырмасы 1° жағдайда өтетін жылу мөлшерімен өлшенеді.
Жылудың қабаттан қабатқа берілуіне уақыт кетеді, сондықтан тәулік ішіндегі мах мен міn температураның келетін уақыты әрбір 10 см- ге≈ 3 сағаттай кешігіп отырады. Егер беттің үстінде ең жоғарғы температура 13 сағат шамасында байқалса, 10 см тереңдікте температура максисумумы 16-сағат шамасында , ал 20 см тереңдікте 19 сағат шамасында өтеді.
Құрлыққа қарағанда су бетінде жылу сиымдылығы үлкен және жылу өткізгіштігі кем болғандықтан су баяуырақ жылынады және жылуын баяу береді. Су бетіне түсетін күн сәулелерінің біразын ең жоғарғы қабат жұтады, ал біразы едәуір тереңдікке дейін өтіп, оның кейбір қабатын тікелей жылытады. Судың қозғалмалы болуы жылуды тасымалдауға мүмкіндік береді. Турбуленттік сапырылысу арқасында жылу тереңге жылу өткізгіштікпен салыстырғанда 1000, 10000 есе жылдамырақ беріледі. Судың беткі қабаттары салқындағанда жылу конвекциясы пайда болып, су араласады.
“Ауа райы” мен “климат” ұғымдарын бөле-жара қарауға болмайды, өйткені бұлардың екеуі де атмосфераның күйіне жатады. Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы, мысалы тәулік ішіндегі белгілі бір жердегі атмосфераның күйі.
Атмосфераның күйі жеке алынған элементтер, мысалы, температура, жауын – шашын арқылы емес, олардың кешенімен сипаттталады. Бұл кешенде ауа райының барлық элементтері өзара байланысты, әрі бұлардың біреуінің өзгерістері бүкіл кешенге әсер етеді.
Сонымен, климат дегеніміздің өзі - Күн радиациясы, төсеніш беттің сипаты және осылармен байланысты атмосфераның циркуляциясы себепші болатын ауа райының көп жылғы режимі.
Атмофераның төсеніш бетпен өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде климат қалыптасады. Басты рольді Күн радиациясы атқарады. Жер бетінде Күн радиациясының бөлінуі планетаның шар тәрізді пішінімен анықталады. Осыдан барып климаттың географиялық ендікте әркелкі таралуы байқалады. Жердің орбитаға қатысты оның осінің еңіс жағдайда қозғалысы жыл бойында Жер бетіндегі Күн жылуының әртүрлі ендікте климаттың бірдей еместігін анықтайды. Жылулық белдеулердің, жер климатының зоналық негізінің пайда болуы осыдан. Егер де Жер беті мүлде біркелкі болса, экватордан полюске қарай климаттың заңды өзгерісін анықтау мүмкін емес болар еді. Әр текті төселме беттің ықпалы Күн жылуының атмосфераға әркелкі қабылданып, берілуі атмосфераға ылғал беріп отыруы, ауа қозғалысына ықпалы бір жылу белдеуі шегінде түрлі климаттың қалыптасуын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет