Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет15/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Геопатогендік зоналар.
Әртүрлі беркелкі еместіктер приборлармен геохимиялық және геофизикалық ауытқулар түрінде есепке алынуы мүмкін. Олардың кейбіреуі приборсыз да анықталады. Мысалы геологиялық карталау кезінде тау жыныстарындағы бөлінген бұзылулар мен әртүрлі типті тау жыынстарының жанасқан жерінде жақсы байқалады.
В.П.Прохоров пен А.Е.Мирошников сияқты зерттеушілер биологиялық қолайсыз жағдайдық зоналарын бөлді. Тірі организмдердің арасында осындай биологиялық қолайсыз жағдайға тап болатын түрлер өте көп. Олар тірі организмдерге стресс, ауыртпашылықтар туғызады да геопатогендік зоналарды түзеді (кесте 4).

4-кесте


Зоналардың өлшемі

Табиғат

Ранг

Әсер етуі

Арақашықтығы – ондаған шақырым, ені – шақырым, жүздеген метр

Қорғасын, мыс, никель, молибден және т.б. ірі кен орындары; асбест, радон сулары, кенді бақылау құрылым-дары

1

Елді мекен мен қалалардың тұрғын-дарының ауруға тез ұшырауы. Өсімдік-тердің пішіндері қатты өзгеріске ұшырап, күшті мутагенез болады

Ені – ондаған және жүздеген метр; арақашықтығы – бірнеше шақырым

Кенді бақылау құрылымдары, ұсақ кен орындары. Ірі сулы қуыстар, кедергісі жоғары жыныстар

2

Жекелеген үй тұрғындарының, жануарлардың ауруға тез ұшырауы. Жер сілкінісі кезіндегі бұзылулардың қаупі

Ені – бірнеше шақырым; арақашықтығы – шақырым, жүздеген метр

«Сулы қуыстар», жердің отыруы, сырғымалар, кеннің көрінуі

3

Жекелеген адамдардың (пәтерлер) ауруға ұшырауы. Сырғымалар кезінде жердің опырылуы

Сонымен организмдердің тіршілік ету ортысының негізгі құрылымын оқып-білу нәтижесінде мыналарды қорытындылауға болады:



  1. Өзінің дамуы кезінде тірі зат (және адам да) тұрақты әсер ететін табиғи факторларға үйреніп алады және оларға кері әсерін тигізбейді.

  2. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық антропогендік үрдістердің әсері табиғи факторларды түбірімен өзгертпеуі керек.

  3. Организмдерге тұрақты әсер етеін факторлар биосфера бөлігінде жеке жерлерде ғана байқалады. осындай факторларға сәулелену түрлері, геопатогендік зоналардың әсері және т.б. жатады.

  4. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі үшін организмдерге кері әсер ететін локальды жерлерде селитебтік ландшафттар қалыптастыруға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет