Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет23/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Мұхиттардың суының физикалық қасиеттерін ата.

  3. Судың жалпы маңызы неде?

  4. В.И.Вернадский су туралы не айтты?

  5. Судағы тірі заттардың алатын орны.

  6. Гидросфераның негізгі құрылымы қандай?

  7. Өзендер мен көлдерге сипаттама бер.

  8. Теңіздер мен шығанақтардың айырмашылығы неде?

  9. Өзендерді қалай жіктеуге болады?

8 дәріс. Жер литосферасы


Қарастырылатын сұрақтар: Жер қыртысы. Топырақтың адамзат үшін маңызы. Химиялық құрамы. Топырақ мониторингі. Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылуы, физикалық-химиялық ықпалдарға ұшырауы.
Топырақ – жер қыртысының өсімдіктер өсе алатын беткі борпылдақ, әрі құнарлы қабаты. Құрамында минералды және органикалық заттар, су, топырақ ерітінділері, ауа болады (В.В. Докучаев 1845-1903 ж.).
Топырақ дегеніміз – континенттің шөгінді беткі қабаты. Ол өсімдік, жануар және микроорганизмдердің әсерінен қалыптасқан тау жыныстарынан тұрады. Жер шарының дамуы топырақтың төрт типімен байланысты (40%):
- қара топырақ,
- прерийдің күңгірт топырағы,
- сұр топырақ (орман топырағы)
- қызыл топырақ.
Қазіргі уақытта құнарлы топырақтардың бәрі жыртылған. Мысалы: 1,5*109 га
Топырақтың химиялық құрамы әр типте әркелкі.
Мысалы: О (оттегі) күлгін топырақта 50,40%, ал қара топырақта 49,30%, сұр, орман топырағында 47,9%, қызыл топырақта 48,3%.
Күлгін Сұр Қара Қызыл
Н (сутегі) 0,04 0,11 0,15 0,13
С орг-қ 0,56 1,59 2,05 1,81
С карб. - 0,25 0,48 -
Р (фосфор) 0,048 0,062 0,07 0,079
S (күкірт) 0,024 0,5 0,168 -
Si (кремний) 34,03 28,89 31,32 21,50
Al 6,60 8,23 6,88 11,15
Fe 3,13 5,77 3,69 11,50
Ti (титан) - 0,88 0,47 -
Mn (марганец) 0,32 0,17 0,05 0,18
Ca 0,81 1,98 2,47 0,34
Mg 0,65 1,08 1,00 0,93
К 2 1,41 1,32 0,23
Na 1,34 1,09 0,57 0,08

Қызыл топырақта Si, Ai, Fe көп болуы ыстық климатына әсер етеді (Топырақ түсіне әсер етеді).


Топырақтың органикалық зат құрамы 2 топқа бөлінеді:
1. Өсімдік, жануар және микроорганизмдердің жартылай шіріген қалдықтары. Топта тірі заттар үшін шірімеген органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар).
2. Қарашірік.
Күлгін топырақта жоғарғы бөлікте => 4-5%,
Сұр топырақта => 1,5-2,0%
Қызғылт топырақта => 7% дейін
Ең көп тарағаны қара топырақта => 10-15%
Қарашіріктің негізгі бөлігі – гумин қышқылы (битум, гелиицеллюлоза, крахмал, май қышқылдары).
Топырақтағы биологиялық процесстер 3 топқа бөлінеді:
1. Микроорганизмдердің топыраққа тигізетін әсері. Ол топыраққа терең енеді, минералдық құрамын қалыптастырады.
2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің әрекеті. Ол « топырақ - өсімдік – органикалық зат түзілуі» химиялық айналымын түзеді. Тамырлы бөліктердің механикалық әрекеті.
3. Топырақ жәндіктердің әрекеті. Органикалық заттарды бұзады, химиялық-физикалық қасиетін өзгертеді (жауын құрттары).
Топырақтың географиялық таралуы зональды және азональды түрлерінің бар екенін көрсетеді. Кеңінен тарағаны топырақтың зональды типі, олар ендік бағытта өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет