Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзен, көлдер. Мұхиттардың ластануының алдын-алу



бет22/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Өзен, көлдер. Мұхиттардың ластануының алдын-алу.
Жер асты суы-жер қыртысының жоғары қабатындағы тау жыныстарының қуысында кездесетін сұйық,қатты және бу тәрізді күйдегі су,ол арынды және арынсыз су болып бөлінеді.Барлық жер асты суы шөгінді тау жыныстарында біріккен және 3 горизонтқа бөлінеді (жоғарғы,ортаңғы,төменгі). Жоғарғы қабат атмосфералық типтегі тұщы суларды құрайды, оларды тұрмыстық, шаруашылық және техникалық жағдайда қолданады,тереңдігі 25-тен 350 м-ге дейін жетеді. Ортаңғы қабат- ежелгі сулар болып табылады, олар минералды және тұзды, тереңдігі 50-600 м. Төменгі қабаттағы сулар-өте ертедегі сулар, жоғары дәрежедегі минералданған, тереңдігі 400-3000м.
Өзен - өзі салған арнамен ағатын тұрақты не уақытша су ағыны, ол жер асты және жер беті суларымен толығады. Өзеннің бастауы, сағасы болады. Өзен өзінің салаларымен қоса өзен жүйесін құрайды. Ағу жылдамдығы мен аңғарының сипатына қарай жазық және тау өзендеріне бөлінеді, тау өзендері жылдам ағады (Терек өз.). Жазық өзендердің аңғары кең,құламасы аз болады (Обь, Енисей, Волга өз.). Өзеннің таяз сулы бөлігі,оларда судың жылдамдығы артады. Жазық жер өзенінің екі қайраңы арасындағы терең бөлігі иірім деп аталады. Арналардағы терең жерлерді қосатын сызықты фарватер деп атайды. Өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемерді сарқырама дейді. Жердегі ең биік сарқырама Оңтүстік Америкадағы Анхель (1054м), Ресейде Илья Муромец (Камчаткада), Кивач (Карелияда). Ең күшті сарқырамалар-Виктория, Ниагар. Өзендер қоректенуіне қарай: жауын-шашындық, қар суымен, мұздықтық, жер асты сулық боп бөлінеді. Өзен аңғарларында арна, жайылма, терраса ажыратылады.
Көл - құрлықтағы тұйық су қоймасы. Әрбір көлде 3 құрамдас бөлік бар: қазаншұңқыр, су массасы, өсімдігі мен жануары. Қалыптасуына қарай көлдер тектоникалық, вулкандық, мұздықтық, су-аккумулятивтік, карстық, жасанды боп бөлінеді. Тектоникалық көлдер жер қыртысындағы жарықшаларда қалыптасады, терең, мыс.: Байкал-1637м, Танганьика-1435м. Вулкандық көлдер сөнген вулкандардың кратерінде пайда болады (Кроноцк көлі). Мұздықтардың әрекетінен мұздықтық көлдер қалыптасады: Финляндия, Балтық, Кавказ және Альпі тауларындағы көлдер. Судың келу және жұмсалуына қарай көлдер: ағынды, ағынсыз, тұйық көлдерге бөлінеді. Химиялық құрамына байланысты: тұщы, тұзды, тұздылау болады.
Мұздық - атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиытығы. Мұз басудың екі түрі бар: материктік және таулық. Материктік мұздықтар құрлықтың көп территориясын алып жатады, мысалы Гренландия аралы мен Антарктидада. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы мұхиттың поляр бөлігінде ығып жүрген материктік мұздың ірі кесегін мұзтау дейді, биіктігі 70-450м. Тау мұздықтарында жер бедерінің түрлері анық байқалады. Олар таудағы қар сызығынан жоғары қалыптасады. Қар сызығының биіктігі жер шарында әркелкі: Арктикада 200-700м, экваторға қарай ұлғаяды, яғни 5000м. Қазіргі кездегі мұздықтарда тұщы су қорының 97%-ке жуығы жинақталған.
Әлемдік мұхиттың адам өміріндегі маңызы зор:теңіз жолдары арқылы елдер бір-бірімен экономикалық қарым-қатынас жасайды,пайдалы қазба орындары ашылуда (мұнай, газ, темір, марганец). Әлемдік мұхит пен атмосфера бірігіп тұтас жүйе құрайды, өйткені атмосфера жылу мен ылғалдың көбін мұхиттан алады. Мұхиттан ақуызға бай заттар алынуда (балықтар, шаяндар, су балдырлары, теңіз капустасы). Балдырлардан йод алады, әсіресе медицина мен кондитер өндірістерінде көп қолданатын агар-агар сияқты өнеркәсіптік шикізат алады (Жапония мен Қытайда). Әлемдік мұхит үлкен су айналымына өз үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет