Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Атмосфералық ауаның ластану көздері, оны қорғау



бет19/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Атмосфералық ауаның ластану көздері, оны қорғау. Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың ортаға әсері. Атмосфераны қорғау.
Адамның шаруашылық әрекеті климатқа да өзінің әсерін тигізеді. Атмосфераның ластануына ең бірінші антропогендік түрі жатады. Себебі атмосфераның ластануы табиғи ландшафттардың компоненттеріне, оның ішінде жергілікті климатқа, жер беті мен жір асты суларына, топырақ пен өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді.
Атмосфераны ластайтын негізгі көздерге өнеркәсіп, транспорттық құрылғылар жатады. Өйткені олардың үлесіне атмосфераға келіп түсетін заттардың жартысынан көбі тиеді. Ірі қалалар мен индустриальдық орталықтардың ауасында көп мөлшерде көмір қышқыл газы, күкірт тотығы, азот тотығы және т.б. шаң-тозаңдар бар.
Атмосфералық ауаның қоры Жерде тұрақты және сарқылмайды. Атмосфералық ластану дегеніміз – ауа құрамының қалыпты құрамынан аздап ауытқуы (қалыптысы дәрістің басында берілді: азот, оттегі көмірқышқыл газы және т.б.).
Ауаны қорғаудың проблемасында екі аспекті жатыр: гигиеналық (адамдар үшін ауа құрамын сақтау), экономикалық. Атмосфераның ластану көздеріне:

  • Вулкандық үрдістерде, шаң дауылдарында және өрттерде түзілетін бөлшектермен ластануы;

  • Автомобиль двигательдерін жүргізу кезінде жанармайлармен олардың қалдықтарымен ластануы;

  • Техногенез үрдісі кезінде өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарымен ластануы,

  • Техногендік апаттардан кейін пайда болатын радиоактивті ластану.

Қазақстанның барлық қалаларындағы ауаның жағдайы өте нашар деуге болады. Себебі оның 19 ірі қаласындағы ауаның жағдайын жыл сайын «Казгидромет» бақылау жасайды. Ауадағы формальдегидтің орташа құрамы 3шжш (шектеуге жіберілген шама), фенол 2шжш, шаңдар мен азот диоксиды 1шжш-дан асады. Қазақстанның ауа бассейнін ластаушыларға формальдегид, фенол, азот диоксиды, көміртегінің тотығы, хлорлы сутегі, күкіртті сутеге мен шаң-тозаңдар жатады. Олардың орташа немесе ең үлкен шамасы шектеуге жіберілген шамадан 1-5 есе асады. Олар адамдардың экологиялық қаупін тудырады.
Азот диоксиды – азот қышқылының жарыққа таралуымен түзіледі, түсі қызыл-бурыл, адамның тыныс демалу мүшелерін бөгейді.
Көміртегі тотығы – автомобиль транспорты кезінде және өнеркәсіп өндірістерінің лас заттарының негізінде түзілетін қосылыс.
Формальдегид, метанол – жанғыш түссіз өткір иісі бар газ, жасанды пластиктер мен смола, дәрілік заттарды және бояуларды өндіргенде қолданады. Тыныс алу мүшелеріне шұғыл әсер етеді.
Фенол, карбол қышқылы – ароматты спирт, пестицидтер мен бояғыштар өндіргенде пайдаланылады. Денеде күйік қалдырып, ішкі мүшелерін бүлдіреді.
Хлорлы сутегі - өткір иісті түссіз газ; су ерітіндісінде тұз қышқылы ретінде белгілі. Атмосфераға хлорлы металдарды, органикалық бояғыштарды өндіру кезінде келіп түседі. Тыныс алу мүшелеріне әсер етіп, күйдіреді.
Күкіртті сутегі - өте жүйкелі газ, қылқындырады. Күкірт қышқылын, ауыл шаруашылығындағы химикаттарды өндіргенде түзіледі.
Шаңдар – дисперсті фазадағы қатты бөлшектері бар аэрозольдер. Ол әртүрлі жағдайда пайда болады (топырақтық, өндірістік және т.б.), кәсіптік ауруларды тудырады.
Атмосфералық ауаны қорғау мақсаты өте күрделі. Олардың барлығы Қазақстан территориясында климаттың ғаламдық өзгеруінің үрдісіне жатады. Соның ішінде, мыналар бөлінеді:
-жылу эффектісі проблемасы
-қышқыл жауын проблемасы
-озоносфераның бұзылуы.
-фотохимиялық тұмша
Жылу эффектісі: атмосферада күн радиациясын өткізіп, оның қайта космостық кеңістікке кетуін баяулататын құрамның бар болуында. Сол арқылы жер беті жылынып, соңында климаттың өзгеруіне әкеп соғады. Оған ауадағы көміртегінің екі тотығы, метан және т.б. өнеркәсіптік өндіріспен байланысты газдардың юолуы әсер етеді (ЖЭО, көмір кеніштері, мұнай кәсіпорындары).
Қышқыл жауындар – pH 3,5-4,5-ке тең атмосфералық жауын-шашындар. Атмосфераға күкірт және азот тотықтары түскенде түзіледі де, химиялық реакцияның нәтижесінде адамның денсаулығына және биотаға кері әсер ететін күкірт немесе азот қышқылдары қалыптасады. Қышқылдық жауындардың әсеріне траншекаралық Каспий маңы ойпаты, Орал алды, солтүстік Қазақстан аймақтары жерлері жиі ұшырайды. Көбіне Ресейден және Украинадан келіп түседі.
Кейінгі кезде зымыран двигателін және космостық «Протон» аппараттарды сынаққа жіберу нәтижесінде Жердің атмосферасының жоғарғы қабаттарының өзгеріске ұшырауына әкеліп соғады. Зымыран ұшқан аймақтарда ауа-райының режимін (2-3 күнге) бұзуға соғады. Қарағанды облысына 2007 жылдың қыркүйек айында Ресейдің «Байқоңыр» космодромынан ұшқан сынақтық зымыранының ауадағы апаты тіркелді (бұл жағдай төртінші болып отыр). Адамдардың, жалпы тірі организмдердің барлығына бұл өте қауіпті деп саналады.
Сонымен, климатқа тигізетін қолайсыз әсерлердің барлығы, экологиялық әсерлердің барлығы Қазақстан өнеркәсіптік орындарында жаңа технологиялық құрылғыларды орнатуды, тазарту қондырғыларын орнатуды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет