Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет12/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Төртінші деңгей жер асты суларының құрамының айырмашылығын сипаттайды.
Бесінші деңгейде атмосфералық орын ауыстыру ескеріледі. Ол үшін, ауалық эрозияға ұшыраған ландшафттар бөлінеді.
Алтыншы деңгейде көпжылдық тоңның даму ерекшілігі (болмауы) есепке алынады.
Жетінші деңгей элементтердің орын ауыстыруына әсер ететін жер бедерінің ерекшіліктерін сипаттайды.
Сегізінші деңгейде топырақтағы төселген тау жыныстарының, яғни, ландшафттардың жоғарғы бөліктеріне түсетін химиялық элементері бар түрлері ескеріледі.
Геохимиялық барьерлер (кедергілер) дегеніміз – орын ауысу кезіндегі қысқа аралықта химиялық элементтердің белсенділігі шұғыл азаятын және осының арқасында элементтердің шоғырлануы артатын биосфераның (тіпті жер қыртысының) бір бөлігі.
Бұл термин 1961 жылы А.И.Перельманның ұсынысымен енді. Ол сонымен қоса, геохимиялық барьерлер туралы ілімінің негізін талдады. Геохимиялық барьерлер ілімінде қазіргі кездегі Жер туралы ғылымдардың негізгі бөліктері көрсетілді.
Биосфераның геохимиялық барьерлері екі басты түрге бөлінеді:

  • Табиғи

  • Техногендік

Екеуі де орын ауыстыру өзгерген жерлерде орналасады. Факторлардың ауысуы екі жолмен жүреді:

  • фактордың ауысуы мен геохимиялық жағдайдың ауысуы биосфераның нақты жерінің табиғи рекешілктерімен анықталады;

  • геохимиялық жағдайлардың ауысуы антропогендік әрекеттің әсерінен жүреді.

Геохимиялық барьерлердің екеуі де А.И.Перельман бойынша үш класқа бөлінеді:
1-класс: физикалық-химиялық;
2-класс: биогеохимиялық;
3-класс: механикалық.
Кейіннен В.А.Алексеенко тек қана техногендік (әлеуметтік) барьерді бөлді.
Физикалық-химиялық барьерлерде заттардың шоғырлануы физикалық-химиялық жағдайлардың өзгеруіне қарай ерінділердегі шөгінділерге байланысты. Мысалы, буланушылық барьер.
Механикалық барьерлер заттардың механикалық орын ауыстыруы мен олардың шөгінділерінің орын ауыстыруының белсенділігі шұғыл азайғанда пада болатын жерлердің бөлігі. Биосферада механикалық барьерлер минералдық және коллоидтық формалардағы элементтердің орын ауыстыруы кезінде жақсы жүреді. Мұндай орын ауыстыру ауа және су орталарында, кейде беткейлерден кесектердің жылжуы кезінде жүреді. Көптеген жағдайларда техногендік механикалық барьерлер қалыптасады. Олардың бөлігі тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, селге қарсы орнатылған бөгендер, 20 жыл бұрын Алматы қаласын үлкен апаттан құтқарып қалды.
Биогеохимиялық барьерлер өсімдіктер мен жануарлар арқылы химиялық элементтердің жинақталуында түзіледі. Көбіне ауыл шаруашылығындағы мәдени дақылдардағы жоғары дәрежелі токсикалық элементтерге мән берген дұрыс. Мұндай токсикалық заттардың шоғырлануы топырақ қабатын тыңайтқыштармен тыңайтқан кезде көп мөлшерде түсіп кетуінен пайда болады. Мысалы, тұрғындардың жазғытұрым қарбыздағы нитраттардың көп мөлшерде болуынан улануы және картоп, жемістердегі токсикалық нитраттардың шамадан көп болуынан улануы жиі байқалады. Биогеохимиялық барьерлер кейде тірішілік әрекетінің қауіпсіздігін арттыруға да үлесін қосады. Мысалы, мұндайларға өнеркәсіптік және селитебтік ландшафттардың маңындағы жасыл желектерді (декоротивтік ағаштар мен талдар) айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет