Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы



бет10/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы.
Геологиялық кезеңдердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық: Жердің геологиялық дамуында 5 эра бар(архей, протерозой, палеозой, мезазой, кайназой). Архей эрасы. Архей жыныс қабаттары арасында шөгінді, әсіресе магмалық жыныстар бар.Олардың барлығы дерлік жоғарғы мен қысым әсерінен күшті метаформизмге ұшыраған.Жыныстары ішінен микраскопта ғана көзге ілінетін балдырлар мен бактериялар табылды. Олардың ең ежелгісі Оңтүстік Африкадан табылған, абсолюттік жасы 3,2 млрд. жыл екен. Архей эрасы бұдан 4,5 млрд. жыл бұрын басталып, 2,6 млрд. жыл бұрын аяқталды.
Протерозой эрасының жыныстары археймен салыстырғанда кемірек метаморфандаған және түрлі-түрлі. Қабаттың ішінде балдырлар қалдықтарынан түзілген әктастар, көмір, теміртектес жыныстар бар.
Палеозой эрасы: Кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, пермь кезеңдерінен тұрады:
-кембрийде: скелетті трилобиттер, губкалар, инеаяқтылар т.б. дүниеге келді. Балдырлар кеңінен жайылды. Осы кезеңнен бастап Жердің магниттік полюстерінің алмасуы байқалады;
-ордовикте: құрлықтар сәл майысып, теңіздер ең көп жайылды. Сол себептен теңіздер өсімдіктері, жәндіктері дамиды. Моллюска класы таралып, алғаш рет өсімдіктер құрлыққа шықты.
-силурда: теңіз лала гүлдері өрби өсті, алғаш рет омыртқалылар пайда болды.
-девонда: құрлық бой түзеді, теңіз кейін шегінді. Қайтқан теңіз орнында шығанақтар п.б. Климат қуаңшыл болды. Қызыл түсті шөгінділер көбейді. Папороткиктер ұлғая тарады. Шаян-өрмекші пайда болды.
-тас көмір кезеңінің ортасынан бастап қатпарлы таулар көтерілді, теңіздер шегінді. Климат ылғалданып, кең батпақты ойпаттар тарады. Жапырақты өсімдіктер п.б. Бауырымен жорғалағыштар дүниеге келіп, балықтар өсті.
-пермьде: жер үстінде құрлық үстем болды. Солтүстік жер шарында климат құрғақ болып, қызыл түсті шөгінділер көбейді. Оңтүстік жер шарында таскөмір мұздықтары өріс алды. Рептилиялар пайда болды.
Мезозой эрасы: 3 кезеңнен (триас-юра-бор) тұрады.
-триаста: Жер үстінде құрлық үстем болды, климат жылы, құрғақ. Маржандар пайда болып, алғашқы сүтқоректілер пайда болды. Қарағай, шырша тез өсті. Жердің магнит өрісі бағыт алды. Юрада теңіз үстем болды. Климат жылы-ылғалды. Динозаворлар пайда болды. Бор кезеңінде:теңіз үстем болды. Гүлді өсімдіктер-шамшат(бук), емен, қайың, тал, лавр, магнолия дамыды. Алып динозаврлар жойылады.
Кайнозой эрасы 3 кезеңнен: палеоген, неоген, төрттік(антропоген) тұрады. Палеогенде: құрлықта сүтқоректілер басым, маймыл тектілер пайда болды. Мамонттар, піл отрядтары пайда болды. Неогенде: жас тау жүйелері - Альпі, Карпат, Қырым, Кафказ, Памир, Гималай шыңдары қалыптасты. Антропоген: әлі аяқталған жоқ. Ерекшелігі сол кезде жер шарын мұз басты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет