Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет8/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)
рубежка физио, Силлабус 2022-2023 философия, Жумашева Силлабус Педагогикалық зерттеулер.
Фосфор айналымы. Организм тіршілігінде фосфор қосылыстары өте маңызды роль атқарады. Ол белок құрамына енбесе де, онсыз белок синтезінің жүруі мүмкін емес. Балдырлар мен жер беті өсімдіктерінде 0,01-0,1%, жануарларда 0,1% фосфор бар. Организмде фосфор орто-, пирофосфор қышқылдарының құрамына, тағы басқа органикалық қосылыстарда болады. Құрамында фосфор бар нуклеин қышқылдары мұрагерлік (тұқымқуалаушылық) берілу процесіне қатысады.
Фосфор айналымы биосферада өсімдіктер мен жануарлардағы зат айналымымен байланысты. Басқа биофильді элементтерден айырмашылығы миграция кезінде газдық фаза болмайды. Тау жыныстарында фосфор негізінен апатиттерде жинақталған. Үгілу, мүжілу нәтижесінде ол жер беті экожүйелеріне түсіп, жауын-шашын арқылы гидросфераға келеді. Онда фитопланктондарға сіңіріліп, қоректік тізбек барысында теңіз жануарларына, әсіресе балықтарға жиналады. Белгілі бір бөлігі теңізде миграцияланып, тереңдіктерде жоғалады. Балықтармен қоректенетін құстар және балық аулау арқылы фосфор қайтадан құрлыққа шығады.
Ал жер бетінде тау жыныстарынан және топырақтан фосфор еріген күйде өсімдіктерге сіңіріліп, фосфорлы органикалық қосылыстарға айналады. Одан жануарлар денесіне өтіп, олардың қалдықтары арқылы топыраққа түсіп, цикл ары қарай қайталанады.

Сурет 4 - Фосфор айналымының схемасы:


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жер қыртысының минералогиялық құрамы қандай?
2. Жер қыртысының петрографиялық құрамы қандай?
3. Жердің негізгі пішіні қандай?
4. Жердің Күн жүйесіндегі алатын орны.
5. Күн желі дегенді қалай түсінесің?

3 дәріс. Биосфера. В.И.Вернадскийдің тірі зат туралы ілімі




Қарастырылатын сұрақтар: Биосфера, оның құрамдас бөліктері. Географиялық қабықтағы алатын орны. В.И.Вернадский биосферадағы заттар туралы көзқарасы. Тірі заттың қасиеттері мен атқаратын қызметтері.
ҒТР-дың қарқынды өсуімен байланысты адамдардың табиғатқа әсері де арта түсуде. Қазіргі қоғамның алдында табиғатты, оның байлықтарын сақтау міндеті ғана емес, болашақтағы адамның кері әсерінің нәтижелерін ескерту. Ол үшін табиғаттағы үнемі болып жатқан процестерді жан-жақты зерттеп және анализ жасау қажет. Табиғатқа қарым-қатынасты зерттеу үшін Жердің биосфера туралы ілімін негіздеу керек.
Биосфера (гректің «bios» - тіршілік, «sphare» - қабық, шар) – Жердің тіршілік қабаты, яғни әртүрлі организмдердің тіршілігі дамитын орта. Биосфераның негізі – тірі және өлі материяның қарым-қатынасының нәтижесі. Терминді ғылымға австрия геологы Э.Зюсс 1875 жылы енгізген.
Біздің планетамыздың тірі заттары сыртқы ортамен қарым-қатынас жасай отырып, оның өзгеруіне әсер ететіндігі туралы көзқарас табиғат құбылыстарын бақылау негізінде қалыптасты. Бұл тұрғыда биосфера туралы алғашқы түсініктерді голландиялық ғалымдар Б.Варениус, Х.Гюйгенс, француз натуралисті Ж.Бюффон еңбектерінен кездестіруге болады. Өзінің 36 томнан тұратын «Жаратылыстану тарихы» еңбегінде Жердің тарихы мен теориясын, адамның, жануарлар мен минералдардың табиғи тарихын сипаттап жазды.
Ғылымда «биосфера» түсінігі ХIХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, Жердің тірі заттарының тіршілігі туралы ілім дегенді білдірді. Ілімнің қалыптасу тарихы атақты жаратылыстанушы ғалымдардың атымен байланысты: Ж.Б.Ламарк, А.Гумбольдт, М.В.Ломоносов, Ч.Дарвин, Ж.Б.Дюма, Ж.Бусенго, Ю.Либих, Э.Гэккель, В.В.Докучаев, В.Д.Сукачев, А.П.Виноградов және т.б.
«Тіршілік қабаты» туралы ілімнің негізін қалаушы академик В.В.Вернадский (1863-1945) болып табылады. Биосфера туралы көзқарасты терең зерттеп, тұжырымдаған, оны 1926 жылы жарық көрген «Биосфера» деген еңбегінде жариялаған.
Ол биосфераны тірі және жанама заттардың қатынасы негізінде қалыптасқан тіршілік облысы ретінде қарастырды. «Тірі организмдер биосфераның функциясы, өйткені материалдық және энергетикалық жағынан тығыз байланысты, өте үлкен геологиялық күш, анықтаушы. Олар қоршаған ортамен тыныс алу, қоректену және көбею арқылы байланысады». Сондықтан, биосфераның айқын ерекшелігі – Күн энергиясы арқылы химиялық элементтер атомдарының биогенді миграциясы және зат алмасу, өсу, көбею. 1926 жылы В.И. Вернадский өзінің «Биосфера ілімі» еңбегінде қоршаған ортаның негізгі компоненттеріне мыналарды жатқызады:
1. тірі заттар- өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер;
2. биогендік заттар- органикалық және минералдық өнімдер, олар тек қана тірі организмдер арқылы белгілі бір геологиялық кезеңде қалыптасады. Мысалы: тас көмір, жангыш тақтатастар, мұнай, битум, топырақ шіріндісі және т.б.;
3. жанама заттар- неорганикалық негіздегі тау жыныстары және су, мысалы, магмалық тау жыныстары;
4. биожанама заттар- тірі және өлі заттардың синтезделуі нәтижесіндегі өнімдер. Мысалы: шөгінді тау жыныстары, үгілу қыртысы, топырақтар, тұнбалар және т.б.
5. радиоактивті заттар – радиоактивтілігі жоғары жер қойнауындағы химиялық элементтер
6. атомдық заттар – атом күйіндегі кездесетін элементтер
7. космостық заттар – космостық шаң-тозаң, метеориттер, аспан денелері, астероидтар және т.б.
Тірі және өлі заттардың қарым-қатынасы биожанама заттарда жоғары. Мысалы: топырақта орта есеппен алғанда 93 % минералдық (жанама) және 7 % органикалық (тірі және биогендік) заттар бар екен.
Сонымен, қазіргі кездегі биосфера – барлық тірі организмдердің бірлестігі және олармен үздіксіз айналымда жүріп жатқан ортаның басқа заттары бар Жердің ерекше қабаты. Оның шекарасы атмосферада 20-25 км-ге, гидросферада 11 км-ге, литосферада 3-4 км-ге дейін. Жер биосферасы құрамдас бөліктері бойынша жеке-жеке сипатталады.
«Тірі зат» деген ұғымды алғаш қолданған В.И.Вернадский. Биосфераның тірі заттектерінің жалпы массасы 2,4 х 1012 т, ол Жер массасының 0,4 х 10-7 % құрайды. Егер осы затты жер бетіне біртегіс етіп жаятын болса онда оның қалыңдығы 2 см-дей болады. Құрлық биомассасының негізгі бөлігін жасыл өсімдіктер (99,2%), ал мұхитта – жануарлар мен микроорганизмдер (93,7%) құрайды. Қазіргі кезде жер бетінде тірі организмнің 2 млн-нан астам түрі белгілі. Олардың 1,5 млн-нан астамы жануарлардың, 500 мыңға жуығы өсімдіктердің түрлері боп табылады.


Тірі заттың негізгі қасиеттері:
1. Бос кеңістікті өте тез жылдамдықпен жаулап алу қасиеті. Миллиондаған жылдар бойы тірі заттар кедергілерден өтіп биосфераға таралып, жаңа кеңістіктерді бағындыруда. Мысалы: 1 га өсетін өсімдіктердің жапырақтары және тамыр жүйесінің көлемі 8-га тең. Теңізде өмір сүретін шар тәрізді бактериялар көлемі 1х10-9 мм3, кедергілер болмаса жер шарын 36 сағатта пленка етіп жабатын еді. Осы жағдайда оның жылдамдығы 331 км/с. Вернадский есептеуі б/ша қолайлы жағдайда инфузориялар жер бетін 254 сағатта, жасыл планктондар – 4100 сағ., жәндіктер – 8800 сағ., үнді пілі – 9х106 сағ. (1000 жылдан сәл артық) жаулайтын еді.
2. Қозғалыстың пассивтілігі және активтілігі. Пассивті бұл организмдердің өсуі мен көбеюі нәтижесінде көрінеді. Ал активті жануарлардың бағыт бойынша орын ауыстыруы ( мысалы: су ағысына қарсы, ауа ағыстарына қарсы, т.б.) (гравитациялық және салмақ күшіне )
3. Тіршілік ету барысында тұрақты болуы, ал тіршілігі тоқтағаннан кейін тез ыдырап, өзінің жоғары физика-химиялық активтілігін сақтап, айналымға түсуі.
4. Әртүрлі табиғат жағдайларына тез бейімделгіштік қасиеті. Тіршілікке қолайлы орталарда: құрлық-әуе, топырақ, су және организмнің өзі , өте қауіпті экстремалды ортаға да бейімделе алады (мысалы: +140 С, -273 С температурада анаэробты жағдайда тіршілік ететін организмдер бар).
5. Реакциялардың өте тез жылдамдықпен жүруі.
6. Тірі заттардың өте жоғары жылдамдықпен жаңаруы. ( Биосфера үшін 8 жыл, құрлық 14 жыл, мұхиттар үшін 33 жыл).
7. Олар химиялық элементтердің толықтай жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Мысалы: планетадағы барлық оттегі 2 мың жылда, ал көмірқышқыл газы 300 жылда.
Тірі заттардың атқаратын қызметтері:
Биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Олар тау жыныстарының және минералдардың пайда болуына қатынасып, ерекше геохимиялық қызметтерді атқарады.
1) Энергетикалық- бұл фотосинтез барысында энергия қорының жиналып, қоректік тізбек арқылы берілуімен байланысты. Тірі ағзалар күн энергиясын (аккумуляция) өз денесінен өткізіп оны басқа энергия түрлеріне айналдыра алады ( химиялық, жылу).
2) Газдық қызмет - тіршілік ортасының белгілі химиялық газдық құрамын тұрақты ұстау немесе оны өзгерте алу. Жасыл өсімдіктер бос оттегіні бөледі, ал көмірқышқыл газ жануарлардың, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің тыныс алу кезінде пайда болады. Тірі заттың газдық қызметі нәтижесінде біздің планетамызда ғажайып атмосфераның химиялық құрамы қалыптасқан. Оттегінің көптігі, СО2 аздығы тропосфера мен литосфера, гидросфера шекарасында қолайлы температураны қамтамасыз етеді.
3) Тотығу- тотықсыздану қызметі, барлық тірі организмдер үшін оттек өте қажет. Осы оттектің болуы нәтижесінде тотығу және тотықсыздану процестері үнемі жүріп отырады.
4) Концентрациялық - бұл ағзалардың өз денесінде шашыранды химиялық элементтерді ортамен салыстырғанда бірнеше есе жоғары жинақтай алуы. (мысалы: теңіз балдырларында йодтың көп болуы және т.б.)
5) Деструкторлық - бұл ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесіндегі өнімдерінің және өлгеннен кейін өздерінің жойылуы ( оны жүргізетін деструкторлар, редуценттер).
6) Транспорттық қызметі - бұл ағзалардың активті тіршілігі барысында зат пен энергияның ауысуы ( құстардың және балықтардың миграциясы, т.б.)
7) Ақпараттық қызметі- тірі заттардың немесе олардың топтарының (бірлестіктерінің) белгілі бір ақпаратты өз бойына жинақтауымен, сол жинақталған ақпаратты мұрагерлік құрылымдарда бекітуімен, сөйтіп өзінің келесі ұрпақтарына беруімен анықталады. Бұл функция организмнің икемделу механизмінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

4 дәріс. Биосфера-адамзаттың тіршілік ортасы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет