Орта мерзімді жоспар



бет1/95
Дата06.02.2022
өлшемі353,4 Kb.
#79595
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
1 Оку жоспары Биология 7 сынып


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ




Орта мерзімді жоспар





Биология Негізгі мектеп 7-сынып

7.1: Экожүйелер

Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан экожүйенің құрылымын, компоненттерін біледі. Тірі ағзаларды түзушілер, тұтынушылар және деструкторлар деп жіктей алады. Оқушылар қарапайым қоректік тізбектер құрып, продуценттер мен консументтерді анықтай алады.
«Жаратылыстану» курсынан оқушылар жаһандық экологиялық факторларды талдайды, Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелерді атайды және анықтайды. Оқушылар Қазақстар Республикасының Қызы Кітабының маңызын біледі. Жергілікті жердің экологиялық мәселелері мен өз өлкесінің экологиялық паспортын біледі. 7-сыныптың «Биосфера, экожүйе» бөлімінде алған білімдері негізінде, оқушылар жергілікті
жер факторларының тірі ағзалардың таралуы мен тіршілік әрекеттеріне әсерін сипаттай алады.

Мән мәтін

Бұл бөлімде «қоршаған орта факторлары», «қоректік тізбектер», «қоректік торлар», «сукцессия» ұғымдарын жергілікті жер экожүйесі мысалында танысады. Алған білімдері мен дағдылары оқушыларға тірі ағзалардың таралуы мен тіршілік әрекеттеріне қоршаған орта жағдайларының әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындайды. Бөлімде қарастырылатын мақсаттар мектептен тыс жерлерде зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлім адам мен экожүйе қарым-қатынасын, Қазақстанның ерекше қорғаудағы аймақтарын, жергілікті жердің ҚР Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктері мен жануарларын, адамның іс- әрекеттерінің экожүйеге кері әсер ететін салаларын оқып білуге көмектеседі. Адам қызметінің
қоршаған ортаға әсерін сараптау экологиялық мәселелерді шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет