7.3.1.1
жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың
тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
(T, Тж)Мекен орталарының фотосуреттерін қарап, ол жерлерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлардың түрлері және олардың бейімделу тәсілдерін сипаттайды.
(Тж) Оқушыларға мектеп үлескесінде зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсыныңыз. а – қоршаған орта факторларын оқып білу: оқушылар танып білетін мекен ету ортасының экологиялық факторларын жазып алады.
Оларға: рН, жарықтандырылу деңгейі, оттегінің
Оқушылар жергілікті жер экожүйесін зерттей алады. Олар жинау әдісін қолданып, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтай алады және кейбір абиотикалық
факторларды өлшей алады. Топта жұмыс жасау арқылы әр топ түрлі экологиялық факторларды зерттейді.
деңгейі, судың деңгейі (құрғақ, ылғалды, сулы), судың ағысының жылдамдағы енуі мүмкін;
b – тірі ағзаларды жинаақтау және анықтау: оқушылар мекен ету ортасындағы өсімдіктер мен жануарларды қарастырады.;
c –ағзаларды санау және деректерді көрсету: оқушылар тірі ағзалардың санын есептейді.
Оларға берілетін тапсырмалар:
Зерттеуге берілген мекен ортасын сипаттауда термометр, фотометр, рН-метр көрсеткіштерін қолдану. Алайда әр топтың өз деректерін жинағандары дұрыс.
Кейін оқушылар табылған тірі организмдерді (жауын құрттары, буынаяқтылар, кесірткелер, торғайлар мен көгершіндер және т.б) бақылайды және олар туралы жазбалар жазады.
Өсімдік материалдары жиналған орнында анықталады және тасымалданбауы керек. Бұл оқушылар бойына қоршаған орта мен онда тіршілік ететін ағзаларға құрмет қалыптастыруға керемет мүмкіндік береді. Бақылау үшін ұсталған жануарларды барынша аз мазалауға тырысу керек және түрлері анықталғаннан кейін, кері мекен ортасына жіберу қажет.
Түрлерді анықтау арнайы кілттер арқыл немесе мұғалімнің/оқушының күшімен анықталады.
Оқушыларды зерттеу үлескесіне шығару алдында қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулық беріледі.