Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қосымша стандарттық программалар. Блокнот және Калькулятор
Сыныбы: 5 «Ә»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға стандартты программалар мен таныстыруды жалғастырып, блокнот пен калькулятор программаларының қызметтері мен мүмкіндіктерін және калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білім – білік дағдысын, ептілігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық оқыту, сұрақ –жауап,
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, Эдвард де Боно ойды жеделдету әдісі, көрнекілік суреттер. АКТ, ұялы телефон, қойын дәптері, презентация.
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, математика, ағылшын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, тақтаның тазалығын қадағалау, оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды конфет арқылы үш топқа бөліп отырғызу. (конфетке пернетақта, тышқан, монитордың суретін жабыстырып қоямын. Қайсысы монитор алады сол монитор тобына барып отырады). І топ – Монитор, ІІ топ – Пернетақта. III топ - Тышқан. Әр топтың басшылары сайланады. Бір-біріне жылы лебіздерін айту.
Үй тапсырмасын тексеру: 10-мин
Балалар сендер Word Pad мәтіндік редакторын өттіңдер. Осы тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді пысықтап шығайық. Алдыларына осы тапсырмаларға қатысты қиындыларды беремін, олар өздері плакатқа кілейлеп, әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап тақтада түсіндіреді. Топтар бір біріне бағалайды.
1-топ: Мәтінді пішімдеу. Әріптер
, , , , , , , , , , .
2-топ: Мәтінді пішімдеу. Абзац
, , , -шегініс, -оң жақтан шегініс, - Мәтіннің сол жақ жолдан шегінісі , -табуляция.
- тіркеме беттер, - тізімді бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |