Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау



Дата07.02.2022
өлшемі1,23 Mb.
#92583
түріСабақ
Байланысты:
AIZ99

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

  • Орындаған : Еренсіз А
  • Ф-17-3

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік:
  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушылардың электр тізбегін зерттеуде және есептеуде білім-білік дағдысын қалыптастыру.
  • Дамытушылық:
  • Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік:
  • Батылдыққа, көрегендікке ,еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Сабақтың әдісі: Тірек- сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.
  • Көрнекіліктер: Тірек- сызбалар. құрал- жабдықтар.

Сабақтың жоспары

  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Жаңа сабақты оқып-үйрену
  • Тақырыпты бекіту
  • Үйге тапсырма беру
  • Қорытынды, бағалау

Сабақтың өту барысы

  • 1 - топ
  • Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?
  • Кернеу деген не?
  • Электр тоғы деген не?
  • Тоқ күші деген не?
  • Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
  • Тоқ күшін өлшейтін құрал?
  • Электр тоғының әсерлері?
  • Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?
  • Кедергіні өлшейтін құрал?
  • Э. К. Қ. Неге тең?
  • Кернеуді өлшейтін құрал?
  • Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?
  • Кедергінің өлшем бірлігі?
  • Кернеудің өлшем бірлігі?
  • 3 - топ
  • 2 - топ
  • Толық тізбек үшін Ом заңы.
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • (сұрақ - жауап)
  • Ж а ң а с а б а қ
  • Тұрмыста және техникада әр түрлі тұтынушылар : қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері , электрқозғалтқыштары және т.б. электр құралдарын пайдаланады. Бұлар түрліше жалғанады.
  • Өткізгіштерді жалғау тәсілдерін қарастырайық :
  • 1 – жағдай.
  • Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екінші өткізгіштің соңы үшіншінің басымен жалғанса ,онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
  • 2 – жағдай.
  • Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде , ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ , онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
  • Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіш кедергілерінің қосындысынан тұрады.
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда , тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал тізбектегі жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең , жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
  • I= I1=I2=…=In
  • U= U1+U2+…+Un
  • R=R1+R2+…+Rn
  • U= U1=U2=…=Un
  • I= I1+I2+…+In

С а б а қ т ы б е к і т у Есептер шығару

  • Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.
  • Кедергісі 100 Ом өткізгіш сымды екіге теңдей бөліп, параллель жалғаған. Осы кездегі оның кедергісі қандай болады ?
  • 1 - топ
  • 2 - топ
  • 3 - топ

Ойлан, тап. 1 топ

  • Электр тоғына сипаттама жазыңдар
  • Электр тогы

Ойлан, тап. 2 топ

  • Тұрақты тоқтың тоқ күшін, кернеуін, кедергісін есептеу формулаларын жаз.
  • Тұрақты ток

Ойлан, тап. 3 топ

  • Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар.
  • Өткізгіштерді қосу
  • Сабақты қортындылау.
  • Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бағалау.

Үйге тапсырма:

  • § § § 9 9.4. Есептерді шығару
  • §
  • 1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
  • Жауабы: 16 В, 480 Ом
  • 2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді.
  • ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
  • Жауабы: 275 Ом


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет