Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Қазіргі кездегі техникада электр тогының жылулық әрекеті үлкен рөл атқарады. Әр түрлі
Типтегі электрқыздырғыш құралдар практикада жиі пайдаланылады. Үй тұрмысында
Электр үтігі, электр шәугім, шаш кептіруге арналған фендер және т.б. қыздырғыш құрал
дар қолданылады.
Ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында жоғары температура алу үшін қуатты
электр пештері пайдаланылады. Пеш ішіндегі температура 25000С-тан 30000С-қа дейін
жетеді.
Қыздыру шамын қыздырғыш құралдарға жатқызуға болады. Оларды бөлмелерді, үйлерді
Жарықтандыру үшін қолданылады.
Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады.
Қ
ыздыру шамы:
1-вольфрам қыл
2-металл шығыс
3-шыны тірек
4-түтікше
5-металл цоколь
6-контакт.
Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары болсы, соғұрлым шығатын энергияның
Көп бөлігі жарық түрінде таралады.
Ток көзінің өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп
атайды.
Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.
Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.
Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.
Ток көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.
Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.
|