Құрам тұрақтылық заңы.
(1808 г., Ж. Пруст):
Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Еселік қатынас заңы.
(1803 г., Дж. Дальтон):
Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай болады.
Эквиваленттер заңы.
(1793 г., В.Рихтер):
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.
Көлемдік қатынас заңы.
(1805 г., Ж. Гей-Люссак):
Реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Авогадро заңы.
(1811 г., А.Авогадро):
Кез келген газдың тең көлемінде бірдей жағдайда молекула саны бірдей болады.
1 салдары:
Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л – ге тең көлем алады (қ.ж. р0 = 101,3 кПа, Т0 = 273 К). Бұл көлем газдың молярлық көлемі деп аталады.
2 салдары:
Газдардың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молярлық массаларының қатынасына тең.
3 салдары:
Бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |