Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты



бет21/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
беиорга

Негізгі сұрақтар:

  1. Химиялық жүйелердің термодинамикалық функциялары: ішкі энергия, энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы.

  2. Химиялық реакцияның жүру мүмкіндігін бағалау үшін бастапқы және реакция өніміндегі заттардың түзілуінің стандарттық энтальпия және стандарттық изобарлық потенциалдарының мәндерін пайдалану.


Қысқаша мазмұны:

ХИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ.

Сыртқы ортамен затпен және энергиямен алмасу қабілеті бойынша жүйелер келесі бола алады:

- жекеленген (жылу да, зат та алмастырмайды);

- жабық (энергиясын алмастырады);

- ашық (зат пен де энергиямен алмасады).

Химиялық жүйелер термодинамикалық функциялармен сипатталады.


Ішкі энергия U – жүйеге кіретін барлық молекулалар, атомдар, электрондар қозғалысының энергиясы, молекулааралық байланыс энергиясы және бөлшектердің кеңістіктегі орнына байланысты кинетикалық және потенциалдық энергиялары. Жекеленген жүйеде ішкі энергия өзгермейді. Ішкі энергия – жүйе энергиясының жалпы қоры. Ішкі энергияның абсолют мәнін табу мүмкін емес. Тек оның бір күйден екінші күйге ауысқандағы өзгерісін ғана анықтаға болады.

ΔU = U2 – U1 кДж/моль


ΔU = Q– A; A = p ΔV;
мұнда: ΔU – ішкі энергияның өзгерісі,

Q – химиялық реакцияның жылу эффектісі,

A – жұмыс,

р - сыртқы қысым,

ΔV – көлем өзгерісі.
Тұрақты көлемде жүретін химиялық реакциялар – изохоралық деп аталады:

ΔV = 0, А =0, ΔU = QV (изохоралық жылу эффекті).


Тұрақты қысымда жүретін химиялық реакциялар – изобаралық деп аталады:

Δр =0, ΔU + p ΔV = Qр (изобаралық жылу эффекті).


U + pV = Н (энтальпия), Qр = ΔН, ΔН = Н2 – Н1 кДж/моль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет