мұндағы n – жол номері, m – баған номері, қысқаша матрицасы түрінде белгіленеді. Егер m=1, n>1 болса, онда матрица жол-матрица немесе жол-вектор, ал егер n=1, m>1, онда матрица – баған-матрица болады.
Егер диагональды матрицаның барлық диагональды элементтері бірге тең
болса, онда матрица бірлік матрица деп аталады және былайша белгіленеді:
,
бұл үшінші ретті бірлік матрица.
Тікбұрышты матрицаның индексі оның өлшемін анықтайды. Бірдей өлшемді матрицаларды қосуға, санға көбейтуге болады.
Матрицалардың қасиеттері
10. Бірдей өлшемді және матрицаларының қосындысы сондай өлшемді матрица болады. Оның элементтері келесі теңдікпен анықталады:
.
Белгіленуі: А+В=С.
20. матрицасын k санына көбейту, әрбір элементі А матрицасының сәйкес элементтері мен k санының көбейтіндісі болатын матрица болады:
.
30. Amxk матрицасын Bkxn матрицасына көбейту (яғни, бірінші көбейткіштің бағандар саны екінші көбейткіштің жолдар санына тең ) Cmxn матрицасы болады. Оның элементтері А матрицасының і-ші жолдары мен В матрицасының j-ші бағандарының көбейтіндісінің қосындысы болатын Cij элементтері, яғни:
40. Кез келген ретті квадрат матрицаны сәйкес бірлік матрицаға көбейту матрицаны өзгертпейді.