Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет3/50
Дата07.10.2024
өлшемі4,69 Mb.
#205764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
УМКД2

ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «Мұғалімдер оқушылардың білімін 1-ден 5-ке дейінгі шәкіл негізінде бағалайды, сонымен бірге алғашқы КСРО кезінде жасалған жалпы дидактикалық критерийлердің кешені сыныптағы үлгерімді бағалау бойынша пәндік тәуелсіз нұсқаулықпен қамтамасыз ету үшін өнделген».

Тәуекелдер



Мұғалімдердің субъективті шешім қабылдауы негізінде 3-ке («қанағаттанарлық») бағаланған оқушылардың жоғары үлесінің болуы



Критерийлерге негізделген бағалау моделі оқушылар үшін әділ болып табылады , … . Берілген модель шеңберінде субъективті стандарттарға негізделудің орнына шынайы және алдын ала мәлімденген мақсаттарға бағытталған объективті стандарттар бойынша оқушылардың үлгерімі салыстырылады, … . …, бұл мұғалімдерге өздерінің жоғары немесе төмен баға қоюды таңдауын негіздеуге көмектеседі».



ЭЫДҰ қорытындылары (2014): «.. әр сыныптағы үлгерімі орташа және төмен оқушылар бірге
3 (үш) деген баға алады



Қазақстанның PISA-2009 нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасыны шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде
Критериалды бағалау жүйесін құқықтық-нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады.
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (№327, 25.04.2015 ж), (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы) дәстүрлі технологиядан жеке бағытталған сипаттағы оқытуды дамытатын технологияларға ауысуды талап етеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралындағы сараптамалық талдауда жан-жақты өзекті мәселелер айқындалған.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен 1-суретте анықталады.
Сурет -1.Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Сурет 1 – Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:


 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
Оқу бағдарламасы;
 Оқу жоспары;
 Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
 Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
 Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет