Кесте 1. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тарихи кезеңдерінің талдауы
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
|
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
|
1. Аналитикалық бағалау – білім алушы үшін көзделген нақты қабілеттері білгілі бір мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
|
1. Холистикалық бағалау – ағылшынша «holism», грек «holos» тұтас қысқа мерзім ішінде және жалпы түрде бағалау.
|
2. Формативті бағалау – ішкі сапаны бақылаудың көрінісі.
|
2. Суммативті бағалау – соңғы өнім шынайы жағдайда, өмірде қаншалықты жақсы дәрежеде қызмет ететінін анықтау.
|
3. Оқу үшін бағалау – мәліметтерді іздеу және интрепртациялау үшін қолданылатын үдеріс.
|
3. Оқуды бағалау – оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылады.
|
4. Қалыптастырушы бағалау –мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы
|
4. Жиынтық бағалау – оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару
|
Қорыта келе, Блэк пен Уильям (2012) қалыптастырушы бағалауды мәдени-тарихи теория тұрғысынан зерттесе, Перренауд (1998) «кең тұжырымдамалық салада» қарастырған.
Ресей ғалымы Гольцева, Ю.В. «Подготовка будущих педагогов к формированию у младших школьников умения оценивать результаты деятельности» атты оқу құралында нәтижелерді бағалаудың ішкі бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібіне төмендегідей талдау жасаған.
Нәтижелерді ішкі бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібі
1) Бастауыш мектептің білім беру үдерісінде нәтижелерді ішкі бағалаудың келесі түрлері қолданылады: Бастапқы диагностика, ағымдағы бағалау, қорытынды бағалау және жинақтау бағасы – жеке жетістіктер папкасы.
2) Бастапқы диагностика – бағалау рәсімі, оның көмегімен білімнің, іскерліктің және дағдылардың бастапқы (старттық) деңгейі, сондай-ақ білім берудің бір сатысынан екінші сатыға ауысқан кезде білім алушылардың даму деңгейі анықталады.
3) Оқытудың бірінші жылында және екінші тоқсанда-білім алушылардың пәнді меңгеру сапасының жеке динамикасын анықтауды, оқушының өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үдерісіне қосылуын қарастыратын, үзіліссіз оқыту тәртібі белгіленеді.
4) Ағымдағы бағалау тәртібі. Ағымдағы бағалау-білім беру нәтижелерін кешенді бағалау, тұлғалық, метапән және пәндік нәтижелердің диагностикасын қамтиды. Тұлғалық даму нәтижелерінің диагностикасы. Әр түрлі әдістердің көмегімен жүргізіледі (диагностикалық жұмыс, сауалнама, педагогикалық бақылау және т.б.).
Диагностика кіші оқушының тұлғалық қасиеттерін: қылықтарды бағалау, өзінің өмірлік ұстанымын, мәдени таңдауын, уәждерін, жеке мақсаттарын белгілеу, сертификацияланбаған жұмыс түрінде жүргізіледі (қол қойылмау керек). Нәтижелерді жинақтау жалпы сынып бойынша жүргізіледі.
Метапән нәтижелерінің диагностикасы. Диагностикалық материал кіші оқушыдан танымдық, реттеуші және коммуникативтік әрекеттерді орындауды талап ететін құзыреттілік тапсырмалардан тұрады. Пәндік нәтижелерді диагностикалау. Әртүрлі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Диагностикада білім алушылардың өз өнімін шешу барысында: шығару, бағалау, қорыту және т. б. құруды болжайтын білім мен іскерлікті қолдану бойынша нәтижелі тапсырмалар (міндеттер) басым болады.
Пәндік нәтижелерге қол жеткізуді бағалау қорытынды тексеру жұмыстарын орындау барысында жүргізіледі. Олардың жетістіктері ағымдағы және аралық бағалау барысында тексеріледі, ал алынған нәтижелер жеке жетістіктер папкасында тіркеледі және қорытынды бағаны анықтау кезінде ескеріледі.
5) Ағымдағы белгілерді қою тәртібі. Қалдықсыз оқыту кезінде баға шкалалар, диаграммалар, лесенкалар, түрлі-түсті дөңгелекшелер көмегімен белгіленеді.
6) Бағалау критерийлері табыстылық деңгейінің белгілері бойынша анықталады. 1) төмен деңгей; 2) қажетті (базалық, орта) деңгей; 3) жоғары (бағдарламалық, жоғары) деңгей бойынша анықтаған.
Қалыптастырушы бағалау ұғымы ширек ғасыр бұрын мұғалімнің рөлін баса көрсететін тұжырымдамалық деңгейде қалыптасқандығына қарамастан, қалыптастырушы бағалау оқудың қандай жағдайда жүретінін есепке ала отырып, атап айтқанда, қалыптастырушы бағалауға арналған көптеген зерттеулер оқуды жетілдірудегі қалыптастырушы бағалаудың әлеуетін дұрыс түсінуүшін оқушылар мен олардың сыныптастарының рөлін ескеру аса маңызды болып табылатынын дәлелдеп отыр.
Сонымен бірге, қалыптастырушы бағалау мен оқушы реттейтін оқу арасындағы ара қатынасты құрудың тағы бір өнімді әдістерінің бірі зерттеушілер мен практиктер арасында өнімді келіссөз жүргізу мақсатында олардың әрқайсысының өзіндік қырлары: оқушы реттейтін оқу ұсынатын теориялық аспектілер мен қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік негіздерін күшейту болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің критериалды бағалау аспектілерін меңгере отырып, төмендегі құзіреттіліктері қалыптасуы қажет:
бағалау және олардың түрлерін, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін және жиынтық және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдарын интерпретациялау арқылы түсінеді;
кіші мектеп жасындағы оқушыларға оқу пәндерін оқыту бойынша қалыптастырушы бағалау әдістері мен жиынтық бағалау үдерісін қолдана алады;
бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалай алу әдістемесін меңгереді, критериалды бағалауға байланысты портфолио және таныстырылымдар құрастырады;
сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалаудың оқыту әдістерін және сабақ жоспарын құрастырады;
кері байланыс берудің тиімді формаларын қолданады;
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша бағалау критерийлері, дескрипторларын және әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды модерациялауды жүргізе алады және қорытындысымен ата-аналар үшін рубрика құрастыра алу құзыреттіліктері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |