Жетекшілер – бұлар кәсіпорындағы лауазымды орындарды қамтитын қызметкерлер (директор, бас маман, шебер).
Қызмет етушілер – құжаттарды даярлау және рәсімдеуді жүзеге асырушылар, есеп және бақылау, шаруашылық қызметін көрсетуші жұмысшылар (агенттер, кассир, хатшы, статистиктер, іс қағаздарын жүргізушілер).
Қызметкерлердің ең негізгі және көп жақты категориясы – жұмысшылар:
өнім өндіруге тікелей қатысады;
құрал жабдықтарды жөндейді және күтім жасайды;
еңбек заттарын араластыра өндіріп, дайын өнім жасайды.
Кадр даярлаудағы негізгі міндеттер:
әрбір қызметкердің өзінің кәсіпорыны жөнінде кең түрде білуі;
жұмысшылардың жаңа жетілген және техника түрімен таныс болуы;
ұжымның қанағат сезімін күшейту, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің өз бағаларын сезінуі;
әрбір қызметкердің жоғары қайтарымды жұмыс атқаруы. \
Кәсіпорын_қызметкерлерін_даярлау_және_қайта_даярлау_мына_нысанда_жүргізіледі'>Кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мына нысанда жүргізіледі:
жұмыс орындарында;
жұмыс процесі кезінде қысқаша кеңестер бері;
белгілі бір кезеңге арнап ұйымдастырылған оқу курстары;
қысқа мерзімді курстар.
Кәсіп – бұл белгілі бір өндіріс саласында жұмыстар атқару үшін қажетті арнайы теориялық білімдер мен машықтану дағдыларының жиынтығы.
Мамандық – кәсіптердің іштей бөлінуі, өндіріс бөлімдерінд, бөлімшелерінде қажетті жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін қосымша дағдылар мен білімдерді талап етеді.
Жоғары деңгейдегі мамандық – бұл күрделі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білімдер мен машықтанған дағдылардың жиынтығы.
Жұмысшылар біліктілігіне қарай:
біліксіз;
біліктілігі аз;
білікті;
жоғары білікті болып бөлініп, тиісті разряд бойынша анықталады.