Төрелік соттың төмендегі
Мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
Банкротты мойындату;
Конкурстық өндіріс ашу және кәсіпорынды конкурстық өндіріс аяқталғанға дейін жұмыс істеп тұрғандардың тізімінен шығарып тастауға;
Егер борышқордың қаржылық жағдайының тұрақтылығын және оның қарыздарды төлеу қабілеттілігі айқындалса, берген арызын қайтарып беруге;
Кәсіпорын сырттан басқаруға берілсе, ол санацияға жатқызылса, банкрот жөніндегі істі тоқтатуға;
Борышқор мен несие берушінің қыраздардың төлем мерзімін ұзату жөніндегі өзара келісімдеріне келісім беруге.
Банкроттан шығу мақсатында кәсіпорын жұмысын жақсартуға бағытталған төтенше шаралары қолданылады.
Олардың негізгілерінің қатарына мыналар жатады;
Басшылықты алмастыру;
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын өзгерту;
Басқару аппаратын қысқарту;
Жоспарлау – бақылау қызметтерін орталықтандыру;
Шығындарға қатаң бақылау орнату;
Қызметкерлерді қайта даярлауды, кәсіпорынды психологиялық бағдарлау жұмысын жүргізу;
Көрсетілген қызмет түрлерін және өнімдер атауларын мейлінше қысқарту;
Маркетинг қызметін талапқа сай жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Санация. Бұл әлемнің көптеген елдеріне кең тараған, кәсіпорындардың, фирмалардың және басқа да өндіріс орындарының банкротқа ұшырамауын болдырмау мақсатында ірі банкілердің немесе мемелекеттің өзінің көмегімен жүзеге асырылатын қаржылық тұрақтандыру шараларының жүйесін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. - Астана, 2005
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы - Алматы: ЮРИСТ, 2006.
3. Абдильдин С.А. «Агробизнесті ұйымдастыру», Алматы. 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |