Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет10/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:


  1. Қазақстанда 20-30жж. мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысында қандай өзгерістер болды.

  2. 20-30жж. қазақ әдебиетінің қалыптасуы туралы не айтамыз.

  3. 20-30жж. ұлттық интеллигенцияның, қоғам қайраткерлерінің репрессияға ұшырауы.


ТАҚЫРЫП 8. 30-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР. ҚАЗАҚСТАН СОҒЫС АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢДЕ.


        1. Сталинизмнің орнығуы.

        2. Жазалау шаралары. Халық қасіреті.

        3. 1937-1938жж. саяси қуғын-сүргін.


Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, “халық жауларын” әшкерелеумен айқындалып, Сталиннің жеке басқа табынуы қалыптасты. Оны “барлық кезде халқымыздың ұлы көсемі” деп атауды партия басшылыққа алды. Жаппай қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалануы еді. 1926ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде контрреволюциялық қылмыстың 17 түрінің 12-ісінде ату жазасын қолданды. 1934ж. бастап қылмыстық заңдар жиі өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, кеңес өкіметіне қарсы Ұйымдар мен террорлық әрекеттерді тергеу үшін 10 күннен аспайтын мерзім белгіленді. 1937ж. НКВД органдары тұтқындағыларға “күш көрсетуге” рұқсат алды, үкімге шағым жасау мүмкіндігі жойылып, өлім жазасының үкімдері дереу орындалатын болды. КСРО НКВД жүйесі қайта қаралып, оның қарарларынан соттан тыс органдар құрылды. Ерекше мәжіліс “үштіктің”, содан кейін “екеудің” кеңесуімен жүзеге асты. 1937-1938 жж. репрессия дауылының күшеюіне БК(б)П Орталық Комитетінің 1936ж. 29 шілдеде барлық партия ұйымдары атына жіберген құпия хаты себеп болды. Онда “жауға қатысты қырағылық пен көрегендік” жұмысының барысында орын алған кемшіліктерді жою талаптарын барынша күшейту міндеті қойылды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы облыстық “үштіктердің” 24 мүшесінің 15-і репрессияға ұшырады. Саяси қуғын-сүргін науқанында тек басшылар мен зиялылар қауымы ғана емес, қарапайым адамдар да зардап шекті. Біздің мыңдаған отандастарымыз адам төзбейтін қасіреттерді бастарынан кешірді. Әлі де толық емес мәліметтер бойынша 1920 жылдан 1953 жылға дейін 110 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. 1934-1938 жж. БК(б)П қатарынан 30 387 коммунист қуылды. 1935-1938жж. партиядан шығарылған 25 833 адамның 8,5 мыңына “халық жауы” кінә тағылды. Бұл 1938ж. қатарында 48 мың коммунисі бар бүкіл Қазақстан партия ұйымдарының 17 пайызы еді. 1937ж. ақпан-наурызда Мәскеуде БК(б)П ОК-нің Пленумы өткізіліп, онда “жапон-неміс-троцкийшіл агенттердің зиянкестігі, жасаған қастандығы мен тыңшылық әрекеттерінің сабақтары” және Сталиннің “Троцкийшілер мен өзге де екі жүзділердің әрекеттері мен партия жұмысындағы кемшіліктер” туралы баяндамасы тыңдалды. Пленум елде саяси қуғын-сүргін нағыз қызған шақта өткізілді. Партиядағы демократиялық негізді дамытуға шақырды және осыған байланысты партия комитеттері партия мүшелерін “өзара сын” жұмысын бақылағансып құпия өсек тасуға мәжбүр етті. “Зиянкестік сабақтары” БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Бюросында тұрақты түрде қаралып тұрды. Республиканың ірі құрылыстары мен кәсіпорындарының басшылары Я.И. Михайленко, П.П. Спиридонов, А.И. Кельмансон, М.Г. Грольман, П.К. Поддубный, Н.М. Прасолов және тағы басқа көптеген адамдардың “зиянкестік” әрекеті талқыланды. “Ұлтшыл фашизммен” айыпталған М.Ғатаулин, А.Асылбеков, С.Нұрпейісов, К.САрымолдаев, Ұ.Құлымбетов, Ғ.Тоғжанов және тағы басқа азаматтар бірінен кейін бірі қамауға алынды. Мәскеуде Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, С.Қожанов тұтқындалды. 1938ж. ақпанда Қазақ КСР ішкі істер халық комиссары Л.Б. Залиннің орнына жіберілген С.Ф. Реденс республика басшыларын қамауға алуды аяқтады. Барлық облыстық, қалалық, аудандық партия комитеттерінің хатшылары түгелдей дерлік, барлық халық комиссарлары мен облыстық атқару комитеттерінің, оның ішінде әсіресе аудандық атқару комитеттерінің төрағалары түрмеге қамалды. Тіпті осыған дейінгі тыңшы жендеттердің өздері де құрбан болды. Біздің мыңдаған отандастарымыз адам төзбейтін қасіреттерді бастарынан кешірді. 1920 жылдан 1953 жылға дейін 110 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады (бүгінде олардың 96 мыңы ақталды). Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өкілдері де саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды: қазақтар (35-40 пайыз), поляктар (2 пайыз), кәрістер (1,5-2пайыз), еврейлер (2 пайызға жуық), сондай-ақ белорустар, татарлар, мордвалар, ұйғырлар, өзбектер, молдавандар, латыштар, финдер, әзірбайжандар, шешендер, балқарлар, армяндар және т.б. 1935-1938 жж. БК(б)П қатарынан 30 387 коммунист қуылды (ал партиядан шығарылу деген сөз ерте ме кешпе, әйтеуір НКВД-ның ерекше назарында болатындығын білдіреді). Ұжымдастыру, кулактарды қудалау, сондай-ақ “халық жауларымен” күресу барысында КСРО НКВД (Ішкі Істер Жөніндегі Халық Комиссариаты) лагерьлері Бас басқармасы небір зұлымдық әрекеттер жасады. 1940ж. ГУЛАГ (лагерьлердің мемлекеттік басқармасы) құрамында 53 лагерь болса, 1954ж. оның саны 64-ке жетті. 1930ж. лагерьлерде 179 мың тұтқын болса, 1940ж. олардың саны 1 344 408 адамнан, ал 1953ж. 1 727 970 адамға дейін жетті. 1930ж. 13 мамырда КСРО ХКК қаулысымен Карлаг құрылды, Қарақаралы округінің аумағында оған 110 мың гектар жер бөлінді. Қарағанды лагерінің басқармасы Қарағандыдан 45 шақырым жердегі Долинка селосында орналасты. 1937-1938жж. мұнда 43 мың тұтқын ұсталды. 1931 жылдан 1960 жылға дейін Карлагта 1 миллион адам отырған. Қазақстан аумағында Карлагтан басқа АЛЖИР, Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой, Арнайы Кеңгір т.б. лагерьлер орналасты.1937-1938жж. қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішінде кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А.Асылбеков, Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, С.Меңдешев, Б.Алманов, Н.Төреқұлов, М.Масаншы, Ж.Садуақасов, Н.Сырғабеков, С.Шәріпов, М.Жәнібеков халық жаулары деп жарияланды. Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлері: О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбет, С.Сегізбаев, І.Қабылов, С.Нұрпейісов, Н.Нұрмақов, М.Тәтімов, Қ.Тәштиев және басқа да көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. жазаға ұшырап, өлтірілді. Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін ғылым, өнер мәселелерінің бәрін және архивтерді ағарту халық комиссариатының Ғылыми бөлімі немесе секторы басқарды. Ол 1921ж. тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924ж. алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқының тарихының жекелеген мәселелері оның ішінде халық-азаттық қозғалысы тарихы зерттеле басталды. 1926ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөніндегі экспедиция құрылды. 1932ж. наурызда Алматыда КСРО Ғылым академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымның дамуында маңызды кезең болды. Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшін арнаулы ғылыми орындар - егіншілік, ауыл шаруашылық экономикасы, электрлендіру, су шаруашылығы, жеміс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-шы жылдары сауатсыздықты жою, жалпы білім беретін мектептерді көбейту ісі ілгері басты. 1939ж. республикамызда халықтың сауаттылығы 83,6 пайызға жетті. Сауатсыздықты жоюға бөлінген қаржы 1929-1936жж. аралығында 40 есе өсті. Мұның өзі 1940ж. атап өткен республиканың 20-жылдығы қарсаңында халықтың түгелдей сауаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазақстанда екінші бесжылдық жылдарында жалпы білім беретін мектептердің саны өсті. Халық ағарту қажеттеріне бөлінетін қаржы көбейді. Егер 1929ж. бір адамға шаққанда 3 сом бөлінсе, 1935ж. 33 сом, ал 1938ж. 90 сом бөлінді. Екінші бесжылдықта халық ағарту ісіне 1 млрд. 90 млн. Сом қаржы босатылды. Бұл жылдары республикада мұғалімдер саны екі есеге көбейді. Қазақстанда зиялылардың жаңа тобы қалыптасты. Арнаулы орта және жоғары білім беру ісі дамыды. Қазақстан ғылымы одан әрі өркендеді. 1940ж. қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемелері болды және оларда 1727 ғылыми қызметкерлер қызмет етті.КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшін мол мүмкіндіктерге жол ашты. 30-шы жылдары Қазақстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер, елеулі оқиғалар болды. 1934ж. 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының бірінші сьезі болып, онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер тобының бар екені көрінді. Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті. 1936ж. республика еңбекшілері С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығын мерекеледі. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бірге осындағы туысқан халықтардың өкілдері, орыс, ұйғыр, татар қаламгерлерінің шығармашылығы да кең өріске шығып келе жатты. 1937ж. сталиндік қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесі кең өріс алды. Осы жылдарда С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары 1937ж. халық жауы деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалаушылықтарға, кемшіліктерге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бірсыпыра ілгерушіліктер болды. Егер 37-39жж. жылдардағы сталиндік жезтырнақ аппараттың қазақ зиялыларын қудалауы болмағанда бұл табыстың қомақтырақ болуы мүмкін еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет