Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет17/17
Дата25.12.2021
өлшемі101,32 Kb.
#105335
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ð”Ó™Ñ€Ñ–Ñ Ñ‚ÐµÑ€ жинағы

Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жағдайы.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұранының бекітілген кезі.

3. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясының қабылдануы.
ТАҚЫРЫП 15. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
1. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруі.

2. Қазақстанның сыртқы елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шет елдерге ресми сапары.
1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 46-сессиясындағы пленарлық мәжілісте толық құқықты мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Қазақстан Республикасы басты валюта-қаржы ұйымдары болып табылатын Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта жаңарту және даму банкісіне, Еуропа қайта жаңарту және даму банкісіне кірді. Бұл жетістік қаржы құюда, ұлттық валютаны қолдауда, макроэкономиканы тұрақтандыруға көмектесу мен инвестициялық бағдарламаларды экономиканың маңызды салалары – мұнай-газ секторында, көлікте, алтын өндіруде оң нәтижелерін беруде. Қазіргі таңда Қазақстанды 130 ел таныды, жүзден аса елдермен дипломатиялық қатнастар орнатылып, шетелдерде 20-дан астам елшілік ашылды, Алматыда 55 шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер бар. Республика әлемдік қауымдастықта егеменді және дербес халықаралық қатынас субъектісі ретінде мойындалды. Мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті экономикалық басымдық пен ұлттық қауіпсіздікті айқындау, яғни өзінің ұлттық мүдделерін, сыртқы саясат стратегиясын, қорғаныс пен әскери докторинаны қамту. Қазақстанның геосаяси жағынан орналасуы Еуропамен, бұрынғы КСРО-ның орта азиялық бөлігін, Азия – Тынық мұхит аймағын және азия материгінің оңтүстігін байланыстырады.

1992ж. бастап, Қазақстан бірқатар сыртқы елдермен дипломатиялық байланыстар жасады. 1992ж. қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің басшысы ретінде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен сөз сөйлеп, “1+1” формула түрінде өз ұсынысын білдірді. Қазақстан Президенті бейбітшілікті сақтау, оны қолдау және нығайту үшін мемлекеттер өздерінің әскери қаржыларын жыл сайын бір пайызға қысқартып, сол қаржыны дүние жүзілік бейбітшілікті қолдау үшін БҰҰ қорын қалыптастыруға аударуды ұсынды. Н.Назарбаев “әлемдік теңсіздік формуласын” тиімділікпен шешуге қолдан келгеннің бәрін жасауды ұсынды

1991ж. желтоқсан айында Қазақстан Ресей, Украина және Белорусь басшылығымен бірге ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы Келісімге қол қойды. Осыған байланысты 1995ж. мамырда соңғы ядролық қару Қазақстан аумағынан әкетілді. Содан бері Қазақстан ядролық қарусыз ел болып табылады.

Қазақстанның егемендік алғаннан кейін сыртқы саясатындағы маңызды міндеттердің бірі ТМД елдерімен қарым-қатынасты жақсы жолға қою еді. 1992ж. 15 мамырда Ташкентте алты мемлекеттің – Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның өкілдері ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. Бұл шарттың негізгі ережелерінің бірі, егер кез-келген қатысушы мемлекеттердің біріне агрессия жасалса, ол барлық қатысушы мемлекеттерге агрессия жасалған болып есептеледі. Олар бір-біріне қажетті жәрдем береді, оның ішінде әскери көмек те бар.

1994ж. 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Онда төмендегідей құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы демократиялық бірлестік туралы Хартия, Қорғаныс және әскери қатынастар саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум, Қорғаныс конверсиясы жөніндегі бірлескен комитетті құру принциптері туралы Мәлімдеме, Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымықтастық, Ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпараттар алмасу және ынтымақтастық туралы Келісім, Қазақстан мен АҚШ-тың Эксимбанкі арасындағы жобаларды қолдау туралы хаттама, Қазақстан Республикасы мен Шетелдік жеке инвестициялар Корпорациясымен (ОЛИК) және экономикалық даму жөніндегі Американ-Қазақстан кеңестерімен арадағы ынтымақтастық принциптері, Жердің жасанды серігі “Инмарсат-3” ұшырылуына байланысты Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы Келісім.

1994ж. 29 наурызда Н.Назарбаев Ресейге жасалған алғашқы сапарында Мәскеу мемлекеттік университеттерінің профессор-оқытушыларымен келісуінде ТМД қатысушы елдердің жаңа бірлестігі ретінде Еуразия одағын (ЕАО) құруды ұсынды. Бұл құжатта жаңа құрылым тәуелсіз мемлекеттердің тең құқықты одағы екендігі айтылды, оның қызметі әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталды. Азияға Өзара Қарым-Қатынас Және Сенім Шаралары Жөніндегі Кеңес (СВМДА) ұйымына 16 азиялық мемлекет мүше болды: Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Үндістан, Иран, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Палестина, Пәкстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Процесте байқаушы ретінде АҚШ, Австралия, Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Лтван, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Украина, сондай-ақ төрт халықаралық ұйым – БҰҰ, Еуропалық өзара біріккен көмек кеңесі (ОБСЕ), Араб мемлекеттерінің лигасы және Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның Мемлекетаралық кеңесі қатысады.

1999ж. Алматыда болған кездесуде СВМДА-ға мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын реттейтін принциптері туралы Декларация қабылданды.

1994ж. 29 наурызда Н.Назарбаев Ресейге барған сапарында 23 құжатқа қол қойды: “Байқоңыр” ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Келісім, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы Меморандум, Қазақстанға тұрақты тұру үшін келген Ресей азаматтарына және Ресейге тұрақты тұру үшін барған Қазақстан азаматтарына азаматтық берудің ықшамдалған тәртібі туралы Келісім, Еркін сауда режимін енгізу туралы Хаттама. 2000ж. Н.Назарбаев Ресейге сапармен барса, қазан айында В.Путин қазақстанға келді. Осы сапарларында екі жақты келісімге келді.

Қазақстан Орта Азия аймағы бойынша Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ал экономикалық байланыс шеңберінде Түркіменстанмен, Тәжікстанмен тығыз байланыс орнатты. 1994ж. 8 шілдеде Алматыда Орта азиялық одаққа қатысушылардың Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшыларының бас қосуы болы.Үш орта азиялық мемлекеттердің үкіметаралық келісімдеріне байланысты, сауда мен қаржы қатынастарын сақтау мүддесіне орай, сонымен қатар бірлескен өндірістерді дамыту үшін ынтымақтастық пен дамудың Орта Азиялық банкісі құрылды.

2000ж. наурыз-сәуір айларында Ресейдің, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның “Оңтүстік достық қалқаны-2000” атты бірлескен терроризмге қарсы әскери дайындығы өтті. Бұл шара Тәжікстан аумағындағы 201-ші ресейлік дивизия базасында өткізілді.

Қазақстан еуропалық мемлекеттермен байланысты жүйелі жолға қоюда. 1993ж. 16-17 қыркүйекте Француз республикасының Президенті Француа Миттеран Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді. Онда екі елдің арасындағы мәдениет пен өнер саласында, екі үкіметтің әуе қатынасы туралы декларациясына, екі елдің сыртқы істер министрліктерінің арсындағы ынтымақтастыққа қол қойылды.

1994ж. 20-23 наурызда Қазақстан Республикасы президентінің Ұлыбританияға ресми сапары болды. Онда Қазақстан Республикасы мен Біріккен Корольдік үкіметтері арасындағы көптеген құжаттарға қол қойылды.

Қазақстандық дипломатия азиялық бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 1993ж. 22-26 мамырда Үндістанның премьер-министрі Наросимха Рао Қазақстанға ресми сапармен келді.

1995ж. 11-13 қыркүйекте Н.Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапарға барды. Онда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қол қойылды. Сонымен Қазақстан сыртқы саясатында өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғай білді.


Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты.

2. Қазақстан Республикасы БҰҰ –на мүше ретінде кіргендегі.



3. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар үрдісіндегі ұстанымдары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет