3-ші дәрежесі: Микрофлора өзгерісі сол күйде күшееді, шартты-патогенді микроорганизмдердің жеке өкілдерінің биотоп шекарасынан (ішегінен) таралып, қалыпта кездеспейтін қуыстарды, мүшелерде және ұлпаларда пайда болады. Мысалы, E. coli - өт жолдарында ( өзектерінде ), Candida туысты саңырауқұлақтар- зәрде, стафилакокктар- қанда және т.б. Ауыр септикалық түрге дейін, яғни шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған инфекция түрінде өтетін патологиялық өзгерістер тудыратын дисбактериоздың декомпенсацияланған түрі дамиды. Ем эубиотиктермен, бактериофагтармен, антибиотиктік және химиялық терапиямен жүргізіледі.

Эубиотиктер - дисбактериоз кезіңдегі микрофлораны коррекциялауға немесе оның алдын алуға қолданылатын биопрепараттар. Эубиотиктер арнайы таңдалған дисбактериозбен науқасталған организмде тіршілік ету қабілеті бар, жоғалған шынайы микрофлораны толтыра алатын микрофлораның жоғары активті штаммдарынан дайындалады. Нәжісінде олар эубиоздың қалпына келуіне көмектеседі.

Бұл биопрепараттар құрамына көбінесе қалыпты микрофлора өкілдері тірі лиофилизирленген бактерия дақылдары кіреді және микробтық клеткалар саны белгілі ұнтақ немесе таблетка түрінде шығарылады. Емдеу 1-3 ай және одан көп ұзақ курстармен жүргізіледі.