Әдетте, несептің құрамында бұл микроорганизмдер 1 мл-ге 12-104 шамасында кездеседі.
Дені сау әйелдің қынап тазалығының бірнеше категорияларын ажыратады (дәрежелері): 1-категория.Ортаның қышқылды реакциясы, Дедерлейн таяқшаларының (лактобациллалар) көп болуы; 2-категория. Әлсіз қышқылды орта, Дедерлейн таяқшалары аз, микробиоценозда кокктар пайда болады;
3-категория.Бейтарап орта реакциясы, жекелеген Дедерлейн таяқшалары; 4-категория. Сілтілі орта реакциясы, Дедерлейн таяқшалары жоқ, лейкоциттер көп мөлшерде кездеседі.
Асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы
Қалыпты жағдайда асқазан сұйықтығының 1 мл-де 103 шамасында микроорганизмдер кездеседі.