Дәрістің тақырыбы: Өкім. Қаулы. Шешім Жоспары



бет2/4
Дата22.05.2020
өлшемі22,5 Kb.
#70550
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
02.04.20 Іс қағаздары Сербурина Н.А.

Негізгі бөлім. Өкім – алқалық мемлекеттік ұйым басшысының құқықтық актісі, белгілі бір категориядағы жеке және заңды тұлғалар үшін міндеттілік күші бар құжат.

Кейбір ұйымдарда басшының негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарымен қатар басшы орынбасарлары жетекшілік ететін мәселелер немесе қызмет бағыттары бойынша өкімдер шығарылады.

Өкімнің ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік түрлері болады. Қысқа мерзімдік өкімдер нақты бір мәселе бойынша тез шешім үшін қажет болады.

Өкім мәтінінде «сәйкес», «байланысты», «мақсатында» деген сияқты тұжырымды сөздер қолданылады.

Бланкіге ресімделген өкім реквизиттері:


  1. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесі немесе эмблема, логотип, тауар белгісі;

  2. Құжат авторы.

  3. Құжат атауы.

  4. Мерзімі, индексі.

  5. Жасалған не шығарылған орны.

  6. Тақырыбы.

  7. Мәтіні.

  8. Қойылған қол.

  9. Келісу белгісі.

  10. Құжаттың орындалғаны және іске тігілгендігі туралы белгі.

Өкім мәтінінің өкімдік бөлімі «МІНДЕТТЕЙМІН» не «ҰСЫНАМЫН» деген сөздерден басталады.

Өкімнің жобасы бұл құжатқа мүдделі ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен келісілуі керек.

Өкімнің соңғы тармағында құжаттың орындалуын бақылау ісі жүктелген тұлға есімі аталады.

ҚАУЛЫ – мемлекеттік биліктің жоғары алқалы билік органдары, сондай-ақ билік органдары жанынан ұйымдастырылған комиссиялар, өзге де консультативтік-кеңестік органдар тарапынан қабылданатын құқықтық акт.

Қаулылар ұйымдық сипатта және өзге ұйымдардың атқаруына арналып қабылдануы мүмкін.

Қаулыда шаруашылық, саяси, ұйымдық мәселелер қарастырылады. Қаулы арқылы әр түрлі нормативтік құжаттар бекітіледі.

Қаулы мәтіні констатациялық және өкімдік бөліктерден тұрады. Қаулыға алқалы ұйым төрағасы мен хатшысы қол қояды. Қаулы жобасына ұйымның заң қызметі орны виза қояды. Қаулы арнайы бланкіге басылады. Егер ондай бланк жоқ болса, жалпы бланкіге ресімделеді.

Деректемелері:

-ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесі немесе эмблема, логотип, тауар белгісі.

-Құжат авторы.

-Құжат атауы.

-Мерзімі, индексі (мерзімі қол қою кезінде жазылады).

-Жасалған не шығарылған орны.

-Тақырыбы.

-Мәтіні.


-Қойылған қол.

-Келісу белгісі (егер қажет болса).

-Құжаттың орындалғаны және іске тігілгендігі туралы белгі.
ШЕШІМ - алқалы ұйымның өкімдік құжаты.

Шешімді сондай-ақ ұйымның консультативтік-кеңестік органдары мен қоғамдық бірлестіктері де шығарады.

Шешім мәтіні констатациялық және өкімдік бөліктен тұрады. Констатациялық бөлігінде шешім шығарудың себептері, оны орындау арқылы қол жеткізілетін мақсаттар көрсетіледі. Егер шешім жоғары тұрған ұйым тарапынан шығарылатын болса, констатациялық бөлімінде сол құжаттың нөмірі, мерзімі, тақырыбы көрсетіледі. Констатациялық бөлім шешім қабылдаушы органның атауын көрсетіп, жеке жолға «ШЕШТІ» деген сөзді жазу арқылы тұжырымдалады.

Ол А4 форматындағы жалпы бланкіде ресімделеді.

Деректемелері:

-ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесі немесе эмблема, логотип, тауар белгісі.

-Құжат авторы.

-Құжат атауы (ШЕШІМ)

-Мерзімі, индексі (мерзіміне шешім қабылданған дата жазылады).

-Жасалған не шығарылған орны.

-Тақырыбы.

-Мәтіні.


-Қойылған қол (төраға, хатшы).

-Келісу белгісі (егер қажет болса).

-Құжаттың орындалғаны және іске тігілгендігі туралы белгі.

Шешімнің үлгі нысаны





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет