Практикалық бөлім. Үлгімен жұмыс:
ҚАУЛЫ
Алматы қаласы № 1 207 жылғы «___»______
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының орталық кеңесі күн тәртібі бойынша жасалған баяндамаларды және жарыссөз барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстарды қарай отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Орталық аппараты, облыстық және қалалық ұйымдары Елбасының «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» Жолдауының рухани салаға, мемлекеттік тілге қатысты жерлерін жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында ақпараттық шараларды («дөңгелек үстел», семинар, БАҚ-қа мақала, т.б.) қолға алсын. Бұл ретте, Жолдаудың «Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты» атты жиырма алтыншы тармағын талдағанда, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесіне баса мән беріліп, оның қоғам өмірінің бар саласында басым сипатқа ие екендігі айрықша назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасының славян жазуынан (кириллица) латын әліпбиіне көшу бастамасына және осы бағыттағы іс-шараларына қолдау көрсетілсін.
3. Қоғамның облыстық және қалалық ұйымдары «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге байланысты 207 жылға арналған іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып, жеке іс-шаралар жоспарын жасасын және өздеріне қарасты аудандық, бастауыш ұйымдарды хабардар етсін.
4. Қоғамның көшпелі мәжілісінде жасалған баяндамалардағы ұсыныс-тілектер және жарыссөз барысындағы ой-пікірлер назарға алынсын.
5. Қоғамның қызметін жандандыру және өзін-өзі қаржыландыру мәселелерін шешу бойынша Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелері төмендегі іс-шараларды қолға алсын:
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қоғамның Орталық аппаратына жүктелсін.
Президент __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Хатшы __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |