Байланысты: Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы
ІІ жартыжылдық Сөйлеуді дамыту. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: 1) тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру; 2) сөздерде дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру; 3) сөйлеу қарқынын өзгерте білуге үйрету: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу. Сөздік қор: 1) сөздік қорын сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы байыту; 2) зат бөліктерін ажырату және атай білу; 3) балалардың тілін заттың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту; 4) заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білу; 5) сөздерге қызығушылығын арттыру, зейінін жетілдіру, балалардың сөздік қорына антонимдер – мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу. Тілдің грамматикалық құрылымы: 1) қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану; 2) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану; 3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану. Байланыстырып сөйлеу. Дағдыларды қалыптастыру: 1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу; 2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау; 3) тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдану; 4) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу; 5) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану; 6) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылық таныту; 7) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын ояту. Күтілетін нәтижелер: сөйлеу мәнерінің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды; тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады; заттарды, суреттерді қарастыруда сұрақтарға жауап береді; қысқа әңгімелерді және ертегілерді мазмұндайды, заттар мен құбылыстардың белгілері мен сапасын ажыратады; қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады - "үстінде, астында, артында, жанында". Көркем әдебиет. Оқу, әңгімелеу. Балаларды: 1) оқиғаны эмоционалды қабылдауға; 2) кейіпкерлерге жанашырлық танытуға; 3) шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажыратуға; 4) суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге; 5) мәнерлі, мағыналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға үйрету. Күтілетін нәтижелер: шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажырата алады; оқиғаны эмоционалды қабылдайды; суреттер бойынша таныс шығармаларды атайды, олар бойынша сұрақтарға жауап береді; өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтады; ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады. Орыс тілі. Тілдің дыбыстық мәдениеті: 1) орыс тілінде ертегілерді, әңгімелерді, қысқа өлеңдер мен әндерді тыңдауды және сөздерді айту кезінде екпінді дұрыс қоя білу дағдыларын бекіту; 2) артикуляциялық аппаратты дамыту дағдыларын жетілдіру. Сөздік қор. Дағдыларды: 1) жақын ортадағы кейбір тұрмыстық заттардың атауларын, заттардың көлемі мен түсін білдіретін орыс тіліндегі сөздерді айтуды; 2) сөз тіркестеріндегі сөздерді түсінуді және байланыстыруды; 3) қарапайым сұрақтарды түсінуді және оларға қысқа сөйлем түрінде жауап беруді қалыптастыру. Тілдің грамматикалық құрылымы: 1) ересектердің үлгісі бойынша жақын ортадағы заттарды, ойыншықтарды, жемістерді сипаттау бойынша жай сөйлемдер құрастыру; 2) сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану. Дағдыларды: 1) қысқа тақпақтар мен әндерді есте сақтауды; 2) 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсінуді жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу. Байланыстырып сөйлеуді дамыту және сөйлеу кезінде екпінді дұрыс қоя білуге үйрету. Қысқа тақпақтарды тыңдауға, түсінуге, айтуға және жатқа айтуға үйрету. Күтілетін нәтижелер: сөздерді дұрыс айтады, олардың айтылуын тыңдайды; барлық әрекеттерді, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен қасиеттерін атайды; ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді; ересектердің орыс тіліндегі қоршаған ортаға қатысты сұрақтарына жауап береді; сөйлемдерді байланыстырып құрай алады; ертегілер мен қысқа әңгімелердің мазмұнын қайталайды; шағын тақпақтарды жатқа оқиды; таныс ойыншықтарды, жемістерді, көкөністерді 2-3 сөзден тұратын жай сөйлеммен сипаттай алады; кейбір өсімдіктердің, жануарлардың және олардың төлдерінің орыс тіліндегі атауларын біледі және атайды.