Дәрістік кешен 1 ДӘріс



бет17/46
Дата13.11.2022
өлшемі212,07 Kb.
#157893
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы

9 ДӘРІС
Мектепке дейінгі балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдері. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)


"Таным" білім беру саласы
"Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
командада жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;
тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;
табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу;
өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу.
І жартыжылдық
Математика негіздері
Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;
2) бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;
3) заттарды салыстыру;
4) заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;
5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.
Шама.
Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру.
Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) геометриялық пішіндерді тану және атау;
2) пішін түрлерін зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.
2) өзінің дене мүшелерін (басы, аяғы, қолы) бағдарлау және атау.
Уақытты бағдарлау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.
Күтілетін нәтижелер:
бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;
біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;
заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;
екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;
геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;
тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.
Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;
2) бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;
3) ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;
4) көп түсті құрылым құрастыру;
5) үлгі бойынша құрастыру;
6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.
Күтілетін нәтижелер:
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;
сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;
түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет