Қорытынды, қорыта келе, тәрбиешінің қызметі мен міндеттерін анықтап, тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға тоқталдық. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі айтылып, тәрбиешінің балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізу жолдары қарастырылады.
16 ДӘРІС Педагогикалық ұжымдағы тәрбиеші қызметінің жылдық жұмыс жоспары.
Осы оқу жоспары ортаңғы топтың жұмысын ұйымдастыру барысында «ҚР мектепке дейінгі білім берудің үлгілі жоспарларын бекіту туралы» 2016 жылғы Заңының негізінде бекітілген 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгілі оқу жоспары басшылыққа алынды. Бұл топтағы оқу жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарға белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге және «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚР экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығына сәйкес келеді. Ортаңғы топ тәрбиешілері түрлі педагогикалық іс-әрекетті ортаңғы топтың күн тәртібі бойынша іске асырылады,атап айтқанда :таңертеңгі қабылдау.таңертеңгілік жаттығу,балалармен қарым-қатынас жасау,ҰОІӘ ,серуен,тамақтану,ұйқы,гигиеналық-шынықтыру шаралары ,еңбек және түрлі ойын түрлері,ата-аналармен жұмыс жүйесі . Оқу жүктемесіне бес білім беру саласының мазмұны кіреді.Денсаулық,Таным,Қатынас,Әлеуметтік орта,Шығармашылық. ҰОІӘ-ІН ұйымдастыру және өткізу 12 сағат көлемінде базистік оқу жоспары (№1 қосымша) және 4-5 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала»(2010 жыл Астана қаласы) негізінде жүзеге асырылады.ҰОІӘ ұзақтығы күрделі оқу іс-әрекеттерге 20 минут, шығармашылық бағыттағы оқу іс-әрекеттерге 25 минут. Вариативтік компонент 2 сағат .Орыс тілі ,сиқырлы бояужәне логикалық ойындар шағын топқа (10-12 баладан) бөлініп оқытылады.Вариативтік бөліміне балалардың қызығушылығы мен таңдауы бойынша оқу іс-әрекеттер кіреді. «Мәңгілік ел» Көпжасарова Маржанның жетекшілігімен аптасына 1 сағат дәстүрден тыс пайдаланылып балалардың рухани адамгершілік және патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында өткізіледі. «Дамыту ойындары» Беккулиева Самалдың жетекшілігімен аптасына 1 рет 1 сағат балаларды көркемдік бейнелік айшықтықтың нағыз театр өнеріндегіндей құралдар көмегімен даусы ырғағы , қол қимылдары дене бітімінің жағдайымен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Ал логикалық ойындар топ тәрбиешілерінің өтуімен айына екі рет 1 сағатты құрайды.
Музыка оқу іс-әрекеті аптаның Дүйсенбі Бейсенбі күндері, тәрбиешілер жетекшілігімен өткізіледі.
Білім беру салалары
Бөлімдері
Жүктеме 4-5 жас
Сағат саны
Апта күні
апталық
Айлық
1.Денсаулық
Дене шынықтыру Қауіпсіздік мінез- құлық негіздері
3 3 -
12
105
2.Коммуникация
Тіл дамыту Көркем әдебиет Орыс тілі Драма
1 0,5 - 0,5
4 2
2
34 16
17
2-4 апта
2-4 апта
3.Таным
Сенсорика Қарапайым математикалық ұғымдарын алыптастыру Құрастыру Жаратылыстану
Күн тәртібі Дұрыс құрылған күн тәртібі – бұл балалардың күн ұзағына болатын әртүрлі іс әрекеттері мен демалысының орынды кезектестесуі мен тиімді үйлестірілген ұзақтығы. Күн тәртібін дұрыс құрудың негізгі ұстанымы оның балалар жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Балабақшаның күн тәртібі баланың жеке ерекшеліктеріне неғұрлым жақын болып үйлессе, соғұрлым өзін тамаша сезініп, көңіл күйі көтеріңкі, белсенділігі жоғары болады. Сондықтанда күн тәртібі бұл топтағы балаларының жас ерекшеліктері ескеріліп және санитарлық-эпидемиологиялық құжатқа сай құрылған. Режимдік сәттерде,атап айтсақ ұйқысының ұзақтығы,әрекеттерінің қарқыны,серуендеуі,қимыл белсенділіктері,тамақтануы,өзіндік іс-әрекеттері ескерілген. Күн тәртібі
Күн тәртібінің бөлімдері
Мерзімі (сағ, мин)
Таңертеңгі қабылдау, ойындар. Топтық қарым-қатынастар: қызықты қысқа мерзімді істерді бірлесіп жоспарлау. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық
8.00-8.30
Таңғы гимнастика
8.40-9.05
Гигиеналық шаралар. Таңғы ас
9.00-9.20
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері (үзілістерді қосқандағы жалпы ұзақтығы) Ересектің балалармен бірлескен әрекеті
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу жаттығулары. Сауықтыру шаралары. Бесін ас
15.30-16.00
Бесін ас
16.05-16.35
Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық. Серуен.Қимылды ойындар. Серуеннен оралу. Гигиеналық шаралар.
16.40-17.40
Кешкі серуен.Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Еркін ойындар. Балалардың үйге қайтуы
17.40-18.30
№17 ДӘРІС Мектепке дейінгі ұйымда озық тәжірибені таратуда тәрбиешінің жұмысы. Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озық педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы. Мақсаты: — жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну. Міндеттері: 1. Жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру. 2. Мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну. Озық педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озық тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады. Педагогикалық озық тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек. Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу. Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды. Мұғалім өзінің немесе көршілес балабақшадағы тәжірибелі педагогтардың тәрбие жұмыстарымен танысып, оқу қызметтеріне қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, технологиялық карта, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды. Озық педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар: а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі; ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе. Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді. Озық тәжірибенің критерийлері: 1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру; 2. Жоғары нәтижелілік; 3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі; 4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы; 5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі. Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.