Магистранттардың оқытушылармен өздік жұмыс тапсырмалары
(МОӨЖ):
Педагогика адамның рухани, интелектуалдық және әлеуметтік қайта қалыптастыру ғылымы ретінде
|
Педагогика адамның рухани, интелектуалдық және әлеуметтік қайта қалыптастыру ұғымын тереңірек қарастыру
|
2 – дәріс. Педагогика пәні және оның міндеттері. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
Жоспар:
1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні
2. Жоғары мектеп педагогикасының нысаны
3. Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің міндеттері
4. Педагогика ғылымның әдіснамасы.
Дәрістің мақсаты: жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі және оның негізгі ұғымдары туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: жоғары мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасының пәні, жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
Дәрістің негізгі мазмұны
1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні: Студенттерді оқыту мен тәрбиелеу үдерісі; Болашақ мамандарды даярлау заңдылықтары; Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтары, жоғары білім алудағы арнайы проблемалар; Оқу-тәрбиелеу үдерісін тиімді ұйымдастыра білуге қажет ЖОО-ның педагогикалық үдерісі мен оның заңдылықтары; Жоғарғы мектептегі кері байланыс.
2. Жоғары мектеп педагогикасының нысаны: Жоғары оқу орнындағы жүзеге асырылып жатқан педагогикалық жүйелер, сонымен қатар жоғары оқу орындарын басқару бойынша жүйелер жатады.
3. Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің міндеттері:
Барлық деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру; қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу;
жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру.
4. «Педагогика ғылымның әдіснамасы» түсінігі.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Ең алдымен “теория” педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және ол әдістеменің көмегімен табылған деректердің арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құрудың тәсілі яғни әдісі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен әдіс-тәсілдер жүйесі, осы жүйені танудың жолы.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда теориялық болжамдар, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған.
Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді.
Таным теориясы - тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен
жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың әдіс-тәсілдерін іздестіреді.
Әдіснама дегеніміз- әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипаты, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық фиолософияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
«Әдіснама» түсінігі ең көп мағыналы ең бір анықталмаған және тіптен педагогикалық талас тудыратын түсінік. Әдетте ғылымның әдіснамасы деп – қоғамдық және табиғи құбылыстарды зерттеудің негізінде жатқан және осы құбылыстардың теориялық түсінігінде көрінс беретін философиялық идеялардың бастапқы жиынтығы деп түсініледі. Ұзақ уақыт философияның құрамды бөлігі болған педагогика философиялық-әдіснамалық тұжырымдаманың арнасында дамиды және ол өзінің дамуын жалғастыруда.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.
Барлығы бірігіп ЖМП-ның әдіснамалық негізін құрайды
1. Тұлға теориясы
2. Іс-әрекет теориясы
3. Таным теориясы
4. Басқару теориясы
5. Жүйе теориясы
Тұлға теориясы – жеке адамның өзіндік адамгершілік-әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға теориясы философиялық тұрғыда – адамды «адам» ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, дәлдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Адам тұлға болып тумайды, әлеуметтену үрдісінде тұлға болып шығады. Ол дамумен тікелей байланысты. Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішінде морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән – дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі тиіс.
Адам дамуы – бұл өте кұрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тән-дене болмысы мен рухани дүниесі, әсіресе, балалық және жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға бөленеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменнен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес, бұл процестің өзіне тән ерекшелігі – сндық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық және рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өір шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты, адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша даму – бұл әуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдеуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыратылады
Дамуды қозғаушы күш - қарама-қайшылықтар тайталасы. Қарама-қайшылықтардың арасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғырулар дүниеге келеді. Қарама-қайшылықтар – бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, бөлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіліктердің өзгерту салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі және сыртқы, жалпы (әмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық және ең жоғары рухани қажеттерінің және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар әмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар әр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді.
Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі – жаңадан пайда болған қажеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз псикасы мен интеллект, әлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. «Қалаймын – «қолымнан келмейді», «білемін», «білмеймін», «мүмкін», «болмайды», «бар», «жоқ» - мәңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму және оның нәтижелері – бір жағынан және оларға ықпал жасаушы себептер – екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды.
Неліктен адамдар өз дамуында өте биік нәтижелерге қолжеткізеді, ал екінші біреулер – ондай мүмкіндікке ие болмайды?
Бұл процестің және оның нәтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылықты ашты: адам дамуы ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жағдайларға тәуелділігі. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған және дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртыушы іс-әрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші - қарама-қайшықтар күресі. Адамның дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады.
Іс-әрекет теориясы – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты айнала қоршаған ортаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ол өзі игерген табиғи ортаны іс-әрекет объектісі етеді. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу) екбекпен тығыз байланысты.
Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына - іс-әрекетті қозғаушы түрткі (мотив) іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі – адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез-келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеле көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның айнасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады.
Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына - іс-әрекетті қозғаушы түрткі (мотив) іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі – адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез-келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеле көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның айнасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс,2002.-544 с.
Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –Алматы: АГУ им.Абая, 2003. -160 с.
Кожахметова К.Ж.,Таубаева Ш.Т.,Джанзакова Ш.И. Методолгия общей и этнической педагогики в логика –структурных схемах: учебно-методическое пособие для студентов учебных заведений, магистрантов, аспирантов и докторантов в области педагогики. –Алматы, 2005. -174 с.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.
Исаева З.А.,Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активное методы обучения. –Алматы, 2005.
Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать: Учебное пособие. –Алматы,2007.-284 с.
Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект)-Красноярск, 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |