Педагог-психолог, Курмантаева Аягоз Илинтаевна, Жарқайың ауданы



Дата07.02.2022
өлшемі19,14 Kb.
#82478
Байланысты:
эссе


Педагог-психолог, Курмантаева Аягоз Илинтаевна, Жарқайың ауданы,
Өмірлік негізгі мектебі
Жан-жүрегім, бар тілегім – балада,
Жылу себем күндей болып балаға.
Еш кетпесін еңбегімнің білемін,
Ұстанымым шуақ сыйлау санаға…
Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біздердің, психолог мамандардың міндеті.
Мен бұл мамандықты таңдар алдында көп ойланып, психолог маманының қызметін толық ұғынбаған едім. Қазір осы мамандықты таңдап қателеспегенімді түсіндім.
Туған тілімді сүйетін сезімтал да, асыл жанды ұстаз едім. Алғаш мектепке бастауыш сынып мұғалімі ретінде жас маман болып келіп, әр шәкірттің жүрегіне үңілдім.
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» — деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам -жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу ғажап іс.
Әрбіріне барлау жасап, зерттегім кеп тұратынды…
Сол шақта психолог мамандығы маған ерекше ұнап, мамандығымды осы салаға бейімдеп, мектепте «жаңа маман» иесі боп жұмысымды жалғастырдым.
Екінші ұстаз, философ Әбу Насыр Әл – Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп айтып кеткен болатын. Ең алдымен адамға тәрбие берілуі керектігін, тәрбиесіз білімнің болашағы қараң екендігін түсінген кезде, өмірімнің қиын кезеңдеріне тап болғанымда, мен өзімнің осы мамандықты таңдағаныма қуандым.
Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рөл атқарады. Кез-келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді. Осы кәсіби маңызды қасиеттерді өз бойымнан көре алмадым ба деген ойда туындаған болатын, бірақ ол кәсібиліктің өмір мектебі мен психологияны, психолог қызметін ұштастыра отырып келетіндігін ұғындым.
Психолог мамандығы қарапайым жаттап алып бере салатын нәрсе емес, ол үшін азды-көпті өмірден алған тәжірибең, айнала адамдарға деген шынайы көзқарасың, адалдық, кеңпейілділік қажет деп ойлаймын. Ұстаз баланың біліміне, сауаттылығына, тәрбиелілігіне аса көңіл бөлсе, психолог оқушының ішкі жан-дүниесінің тыныш болуына, көңіліндегі қиындықтардың шешуін таба алуға үйретеді. Яғни, қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына аса көңіл бөледі.
Ұстаздық пен психологтың ұғым жағынан айырмасы жоқтың қасы. Мұғалім – үнемі білім берудің тамаша әдістерін іздеп жүреді, ал психолог оқушының ішкі жан-дүниесінің тыныш болуына, көңіліндегі қиындықтардың шешуін таба алуға үйретеді. Менің өзіндік ұстанымым да- әр адамның жүрегіне үңілу.
Сондықтан психолог кім?- десек, Ол- ең ғажап мамандық иесі- дер едім. Себебі:
— ол- адам жанын емдеуші, қоғамдағы кейбір қатыгездіктерден жасқанып жүрген шарасыз жандардың көзі мен көңілінен жанын ұғушы;
— ол, алдымен, зерттеуші. Диагностикалық жұмыстардың нәтижесінен жанұядағы немесе жеке бас өзгерісін біліп, оң бағытқа қарай бағыттаушы;
— ол- бақылаушы, «ерекше қабілетті» мен «ерекше назардағы», «қадағалауды қажет ететін», «қамқоршылықтағы», «қолайсыз отбасындағы балаларды» үнемі назарда ұстап, жандарына қамқорлық арқылы алақан жылуын беруші;
— ол- әр адамның мінезі мен ерекшелігін зерттеп, танып, олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдеріне жол тауып беруші;
— ол- қарым-қатынас мәдениетіне үйретуші, ата-аналар мен оқушылар арасында танымдық ойындар мен тренингтері арқылы позитивті көңіл-күй мен қуаныш сыйлаушы;
— ол- дамытушы, даму мүмкіндігі шектеулі немесе түрлі санаттағы балалармен тіл табысып, оларға өмірдің бағытын нұсқаушы;
Бір басына сан сырлы, сан қилы құндылықтарды жинап, жанарларға сыр ұға қарайтын, тек қана жылу сыйлауды басты мақсат санайтын психолог болу ғажап-ақ.
Қазақтың «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзінде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.
Мектептегі педагог-психолог – қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Демек, психолог- маман адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат пен тұлға болып, әрі қарай жетілуіне әсерін тигізбек.
Қорыта айтсақ, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет