Ақмола облысы Жарқайың ауданы Далабай ауылы Өмірлік орта мектебі Курмантаева Аягоз Илинтаевна Бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы



Дата19.02.2017
өлшемі42,06 Kb.
#10971
түріСабақ
Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Далабай ауылы

Өмірлік орта мектебі

Курмантаева Аягоз Илинтаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Ана тілім-ардағым!»

Мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.


2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер.

Сабақ түрі: сайыс

Барысы:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақиық ақын С.Торайғыров жырлағандай, бүгінгі «Ана тілі- ардағым» білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық:

Әр кезең сайын баға қойылып отырады.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

І. «Таныстыру»

ІІ. «Бәйге»

ІІІ. «Көркем сөз» оқу

IV. «Жұмбақ жасыру»

V. «Ребусты шешу»

VI. «Ұйқасын тап»
І кезең. Топ атымен, ұранымен танысу.

«Қыран» тобы. «Тұлпар» тобы

Ұраны: «Қырандай күшті қанатты, Ұраны: «Желмен бірге жарысқан,

Біз-өрендер талапты» Тұлпар қалмас жарыстан»
«Сұңқар» тобы. «Бүркіт» тобы
ІІ кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр бір сұраққа 1 ұпайдан қойылады.

«Қыран» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

2. Президентіміз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

3. Мынау қандай ертегі?(бауырсақ)



«Тұлпар» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Неше жыл мезгілі бар? (Жыл мезгілі бар)

2. Төрт түлікті ата (Түйе, жылқы, сиыр, қой)

3. Мынау қандай ертегі? (7 лақ)



«Сұңқар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Біздің Елордамыз қалай аталады? (Астана)

2. Біз Қазақстанның қай жерінде тұрамыз? (Далабай ауылында)
3.Мынау қандай ертегі?(мақта қыз)

«Бүркіт» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Қандай жыл мезгілдері бар? (Көктем, жаз, күз, қыс)

2. Отбасыға кімдер жатады? (Әке-шеше, аға, апа, іні, қарындас, сіңілі)

3. Мынау қандай ертегі? (шалқан)

ІІ кезеңіміз «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл кезеңде 2 топ мақал айтып жарысады.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Демімізді алайық,

Бір отырып,

Бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.


III кезеңіміз «Көркем сөз» оқу деп аталады. Оқушылар сынып-сыныппен шығып, көркем сөз оқиды.
VІ кезеңіміз «Жұмбақ жасыру» деп аталады. Бұл кезеңде 4 топ бір-біріне жұмбақ жасырады.

«Қыран» тобына:

1.Еш тесікте тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды (су)

2.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қалам)

«Тұлпар» тобына:

1.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (қоңырау)

2.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш)
«Сұңқар» тобына:

1.Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында.

Бізді алға көшірді (сынып)


2. Доп сынды келбеті,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнің әлпеті (глобус)

«Бүркіт» тобына:

1.Білім менен тәлім,

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім. (күнделік)


V Ребусты шешу.
Ойын: «Кім жылдам?»

Балаларға доп салынған сурет қиындылары беріледі. Ал 2 топ жарысып доп қиындыларын дұрыс орналастырулары қажет.

Тақтаға жасырылған суреттер ілінеді. Тәрбиеші суреттің сипаттамасын айтады, ал балалар қандай зат екенін табуы керек.

1.Дәмі тәтті, қызыл, сары, жасыл түсті, дөңгелек болады. Ол дәрумен. (Алма)

2.Онымен жарыстарға қатысады, шабады. Түсі қара торы, ақ, қара болады. Төлі-құлын,

сүті-қымыз. (Жылқы)

3.Онымен бояуға болады, ұшы бар, сурет салады, түрлі-түсті түстері болады. (Қарындаш)

4.Пішіні-дөңгелек, төртбұрышты болады. Оған біз тамақ, торт, салат саламыз. (Тәрелке)

5.Төртбұрышты, түсі көбінесе қара болады. Экраны бар. Біз одан мультфильм қараймыз. (Теледидар)

6.Оны күтіп ұстауымыз қажет. Ауызға салуға болмайды. Ол қатты, жұмсақ та болады. Біздер онымен ойнаймыз (Ойыншықтар)

7.Төрт аяғы бар, әр түрлі түсті, пішіні де әр түрлі болады. Біз оған отырамыз. (Отырғыш)

8.Біз оның жүнінен шұлық тоқимыз, көрпе жасаймыз. Сүтін ішеміз.Жыл басынан құр қалған. Оның екі өркеші бар. (Түйе)


VI кезеңде «Ұйқасын тап» деп аталады. Әр топшаға өлеңдерді оқып, ұйқасын таптыру.

«Қыран» тобына:

1.Өзіне ноян,

Қорқақ кім?

2. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

«Тұлпар» тобына:

1.Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді ... (шымшық)

2. Көз алма күнге алыс,

Қарайды ...(күнбағыс)

«Сұңқар» тобына:

1.Шабақ андып жағада,

Шарқ ұрады ...(шағала)

2. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

«Бүркіт» тобына:

1.Үні ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрар ... (бұлбұл)



2. Орыннан-орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала ... (сауысқан)

Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша балаларымыздың ән шашуын қабыл алыңыздар!

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!


Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Ана тілін сүйеміз».
Енді, әділқзазыларымыздың шешімін тыңдайық. (Балаларды марапаттау)




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет