Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, жоғары білім беру теориясы т.б. мәселелерді зерттейді.
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |