Мақсаты. Жүрек қантамырлар жүйесінің бұзылуының этиологиясын , патогенезін, патоморфологиясын үйрену
Дәріс жоспары 1.Кардитке тән патологиялық өзгерістер
2. Атеросклероз және артериялық гипертензия
3. Жүректің ишемиялықауруы.Стенокардия. Миокард инфаркті
Дәріс тезистері. Эндокардит - жүректің ішкі қабатының қабынуы.
Этиологиясы. Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нөтижесінде дамиды, әсіресе оның пайда болуына гемолиз шақырушы стреп-тококтардың, стафилококтардың маңызы зор. Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм, сепсис ауруларының бірі көрінісі есебінде қаралады. Тек фибропластикалықэозинофилиямен көрінуші эндокардиттіэндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады.
МИОКАРДИТ Миокардит - көптеген инфекциялардың, улы заттардың, ал-лергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің қабынуы.
Я.Л.Рапопорт морфологиялық тұрғыдан миокардиттердің: 1) арнайы емес; 2) гранулематозды және 3) алып жасушалы түрлерін ажыратады.
Этиологиясы. Көп жағдайларда миокардиттің дамуы вирустық инфекциялармен байланысты. Олардың ішінде коксаки В және А вирустарының полиомиелит вирусының, грипп және гепагатви-рустарының маңызы зор. Гранулематозды миокардит туберкулез, саркоидоз, ревматизм сырқаттары үшін тән болса, ал алып жасушалы миокардит осы үрдіс нәтижесінде пайда болтан ірі некроз ошақтарының айналасында дамиды.
Перикардит Перикардит - жүрек қабының және жүректің сыртқы қабығының (эпикардтың) қабынуы. Перикардит көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің өз ауруларына байланысты дамитын сырқат. Клиникалық көріністеріне қарап перикардитті: жедел және созылмалы, морфологиялық өзгерістері бойынша: экссудативті және пролиферативті (адгезивті) деп бөлеміз.
Этиологиясы. Перикардиттің дамуына вирустық, бактериялық инфекциялар, туберкулез, аллергиялық аурулар және ревматизмдік аурулар себеп болады. Уремия нәтижесінде организмнен бөлініп шығатын азотты улы заттар да, миокард инфарктына байланысты некроз да перикардқа тікелей әсер етіп, оны қабындырады
(реактивті перикардит).
Патогенезі. Инфекциялар перикардқалимфогендік немесе гематогендік жолмен түседі. Жоғарыда айтылған улы заттар перикардқа тікелей әсер етеді. Кейде перикардит иммундық қабынудың бір түрі есебінде дамиды.