Негізгі әдебиеттер.
1.Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007 – С. 22 – 25, 75-80.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во
ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
2.Ә.Н.Нұрмұхамбетовтіңредакторлығымендәрістер курсы: Патофизиология в схемах и
таблицах: – Алматы: Кітап, 2004 – С. 17-22.
3.Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 30 -38
4.Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина,
Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002 – С. 8-14.
Қосымша әдебиеттер.
1.Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск:Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
№16 Тақырып.Жүйке жүйесі анатомиясы
Мақсаты. Жүйке жүйесінің құрылыстық ,жастық, жыныстық ерекшеліктерін ажыратып , қызметтерімен танысу
Дәріс жоспары
1.Жүйке жүйесінің сыртқы ортамен байланысы
2.Орталық жүйке жүйесі
3.Рефлекстер
Дәріс тезистері.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан .
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын эр түрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктерікѳп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірі- нің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің жоғарғысы- ның қызметі тѳменгілеріне қарағанда барынша күрделі болып кедеді. Орталық жүйке жүйесінің тѳменгібѳлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстары-Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақіпа, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. (8-сурет). Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның бірқалыпты жүріс-тұрысы. Шартты және шартсыз рефлекстер «Рефлекс» деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып,оның табиғатын ашып көрсеткен-И.М.Сеченов пен И.П.Павлов. Өзінің «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде И.М.Сеченов: «Өмірдің саналы және санасыз әрекеттерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан -рефлекстер» деп анықтайды. Ал И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен рефлекторлық теория. «Рефлекс» латын сөзі,қазақша-сақ,бұл сөздің мағынасы-бейнелеу. Рефлекс-организмнің және оның жеке оның жеке мүшелерінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецептордан орталықтарға жетіп,организмнің реакциясына дейінгі жүрген жолы рефлекс доғасы деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |