Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Сүйектердің бірігуінің 2-түрі бар



бет34/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Сүйектердің бірігуінің 2-түрі бар:олар,тіке бірігу - синартрозүзіліп бірігу - диартроз
Синартроздың 3 түрі болады: Олар синдесмоз, синхондроз, синостоз.
Синдесмоз – сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпа арқылы бірігуі. Оған мысал бас қаңқасы сүйегі жіктерінің бірігуі тістердің жақ сүйегінің тіс ұяларында бекуі кіреді.
Синхондроз – сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі. Бұған омыртқалардың бір-бірімен, қабырғалардың төс сүйегіне бірігуі жатады.
Синостоз – сүйек ұлпасының бір-бірімен тікелей бірігуі. Бұған сегізкөздің бірігуі мысал болады.
Омыртқа жотасында қалыпты жағдайда мойын және бел лордозы , кеуде және құйымшақ кифозын ажыратады..
Омыртқалардың бір-бірінен ажырату ерекшелігіне олардың көлемі де жатады. Ең кіші омыртқа мойын бөлімі, ең үлкен омыртқаға бел- сегізкөз бөліміндегі омыртқа жоталары жатады. Омыртқа жотасының негізгі қызметі- денені тік ұстау болып табылады.
Төстік (грудина-sternuт) тақ, жалпақ,кеуекті, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Олар: төстің сабы (manubriumsterni), денесі (corpussterni) және семсершесі (processusxiphoіdeus). Алқаның екі жағындағы буын ойығына (incisuraeclaviculares) бұғана жалғасады, ал екі бұғаналық буын ойысының арасында мойындырық ойысы (incisuraeinguralis) орналасады. Төс сүйек денесінің жиегінде қабыртқалармен байланысатын буын ойысы (incisuraeсоstales) бар.
Қаңқа  сүйектерінің буынды  байланысы. Буынды байланыс (суставноесоединение) — diarthrosis — сүйектердің қозғалмалы байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі қимыл қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Буынды құрайтын сүйектер бастары аралықтарындағы буын қуысында қоймалжың сұйық синовия болады.
Буын (сустав) — articulatio — құрылысына байланысты қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым буынды тек екі сүйектің буын бастары құрайды. Олардың аралығында бір буын қуысы болады. Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер, болмаса шеміршектер болады. Сондықтан, олардың аралықтарында екі не одан да көп синовияға толған буын қуыстары қалады.
Буындардағы қозғалыстардың түрлері буынды түзетін сүйектер бастарының пішініне байланысты болып келеді. Пішіні цилиндр, шығыр, бұранда тәрізді сүйек бастары буындағы қимылдың тек бір біліктің (осьтің) бойымен, пішіні сопақ және ер тәрізді сүйек бастары екі біліктің, ал шар тәрізді сүйек бастары үш не одан да көп біліктің бойымен қозғалуына мүмкіндік береді. Осыған орай, атқаратын қызметтеріне сәйкес буындар бір білікті, қос білікті және көп білікті буындарға ажыратылады. Буындардағы қозғалыстарды бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда жүретін бірнеше топтарға бөледі. Олар: жазылу (экстенсио) және бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио) және жақындау (аддукцио). Айналу (ротацио): сыртқа айналу (супинацио) және ішке айналу (пронацио) болып екі қарама-қарсы қозғалыстарға ажырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет