Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет32/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Дәріс тезистері.
БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ

Бүйрек аурулары адамда ең жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Медицинаның бүйрек ауруларын зерттейтін саласын нефрология деп атайды. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнімдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында (юкстогломерулалық аппараттарында) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.


Бүйректер патологиясын түсіну үшін олардың қалыпты құрылысына байланысты кейбір анатомиялық және гистологиялық мәліметтерді еске түсіру қажет. Бүйректердің массасы 260-280 г (әйелдерде 25 грамға кем), оның негізгі құрылымдық бірлігі нефрон болып саналады, олардың саны әр бүйректе 1 миллионға жетеді. Нефрон бүйрек шумақшаларьшан басталады. Осы жердегі капиллярлардан тәулігіне 1500 л қан өтіп, 150 л алғашқы несеп пайда болады. Ол бүйрек өзекшелерінде қайта сорыльш1,5 лсонғы несеп түзіледі.
Қан мен несеп арасыңда, электронды микроскоппен жақсы көрінетін, шумақша сүзгісі (фильтр) орналасқан. Ол үш қабаттан түрады: 1) ішкі - эндотелий қабаты; 2) ортада - негізігі мембрана; 3) оның сыртында - эпителий қабаты.
Капиллярлар эндотелиінің көлденеңі 50-100 нм тесіктері (фенестрлері) болады, олар әрдайым ашық. Ал эпителий қабатының жасушаларын подоцит деп атайды. Электронды микроскопта олардың "ұзын өсіңділерден" - трабекулалардан және олардан тарайтын "қысқа өсінділерден" - педикулалардан түзілгенін көреміз. Подоциттер бүйрек капиллярларын жан-жақтан орап алып өзінің "аяқшалары" арқылы оның үстінен көтеріліп тұрады. Бүйрек шумағының негізгі мембранасы күрделі құрылысқа ие. Ол эндотелий және эпителий мембраналарының қосылуынан пайда болады. Бұл мембрана негізінен белоктар мен глюкозамингликандардан түзілген. Осы жердің болмашы зақымдануьшьщ өзі несеп бөлініп шығуын шұғыл өзгертеді. Демек, алғашқы несептің мөлшері, әсіресе оның құрамы, негізгі мембрананың қызметімен анықталады.
Кейбір жерлерде осы екі мембрана бір-бірінен алшақтап арасында мезангиум деп аталатын кеңістік пайда болады. Осы жерде аралық зат және мезангий жасушалары орналасақан, оларды үшінші жасуша деп те атайды. Бұл жасушалар фагоцитоз қызметін атқарып шөгіп қалған иммунды кешендерді ыдыратады. Олардың IV типтегі коллаген талшықтарын (ламинил) амилоидты синтездеуге де қатынасатьшы анықталған. Сонымен қатар, мезангийжасушаларьщдаангиотензин II, атриопептид және вазопрессинменәсерлесетін рецептор болады. Мезангий жасушаларының қысқаруы нәтижесінде капиллярлар тарылып, фильтрация көлемі азаяды.
Этиологиясы бойынша бүйрек ауруларын: туа пайда болған (даму ақаулары, гендік патология) және жүре пайда болған деп екі топқа бөледі. Жүре пайда болган бүйрек ауруларының себептеріне: әртүрлі инфекциялар, аутоиммуңдық үрдістер, химиялық, физикалық, токсиндік әсерлер, кейбір ағзалар аурулары жатады. Сонымен қатар бүйрек аурулары көптеген эндокриндік, аутоиммундық, метаболизмдік сырқаттарда екіншілік патология ретінде де дамуы мүмкін.
Бұлардан басқа буйрекmac ауруы және ісіктер болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет