Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
Ағзаның қорғаныштық және компенсаторлық реакциялары дегеніміз
Шок ,стресс
Коллапс ,кома
Негізгі әдебиеттер.
1. Ахметов Ж. Б. «Патологиялық анатомия» 1,2том 2008ж.
2. Ахметов. Ж. Б. «Патологиялық анатомия» 2004ж.
3.Струков А. И., Серов В.В. «Патологическая анатомия». 2010ж.
Қосымша әдебиеттер.
1. Серов В.В., Пальцев М. А., Ганзен Т.Н. «Руководство к практическим анятием по патологической анатомии» 1998г.
2. Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии» 2008г.
№7Тақырып.Бұлшықеттің топтары, құрылысы, қызметі. Арқа, кеуде, іш бұлшықеттері. Бас, мойын бұлшықеттері орналасуы, қызметтері.
Мақсаты. Тұлға бұлшықеттерін және шандырларының құрылысын, топографиясын және қызметін білу. Бас және мойынның бұлшықеттерінің құрылысын, топографиясын білу
Дәріс жоспары
1. Мимикалық бұлшықеттердің, құрылысы, қызметі.
2. Шайнау бұлшықеттері, құрылысы,шандыры, қызметі
3.Кеуде бұлшықеттерінің шандырлары.
4. Көкеттің құрылысы.
5. Арқа бұлшықеттерінің жіктелуі.
Дәріс тезистері.
Бұлшықет дененің қозғалуын және оның тік қалпын сақтауын қамтамасыз етеді де, қаңқамен бірге денеге пішін береді.
Қаңқа бұлшықеті толып жатқан ұзындығы 10-12 см және көлденең қимасы 0,1-0,01мм-ге жететін ет талшықтарынан тұрады. Талшықтар шоғырланып, сырттан дәнекер ұлпасымен қапталып, сіңір арқылы сүйекке бекиді. Дәнекер ұлпасы еттің қатты созылуына кедергі жасап, оны қорғайды. Ет шоғырларының аралығында қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан.
Бұлшықеттер құрамына қарай бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықеттер болып екіге бөлінеді. Ішкі мүшелердің қабырғалары (қан тамырлары, таныс алу жолдары, қарын, ішек және т.б.) бірыңғай салалы бұлшықеттерден құрылады. Олардың жұмысы жүйке арқылы гуморальды жолмен реттеліп отырады. Көлденең жолақты бұлшықеттерге негізінен қаңқа бұлшықеттері жатады. Олардың жұмысы адам еркімен реттеліп отырады. Сондықтан, оған адамның әр түрлі әсері болады.
Бұлшықет сыртқы пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді: 1 – қысқа және жуан бұлшықеттер – омыртқа жотасының астыңғы терең қабатында орналасады; 2 – ұзын және жіңішке бұлшықеттер – аяқ пен қолда болады; 3 – жалпақ бұлшықеттер-тұлғада кездеседі.
Атқаратын қызметіне қарай бұлшықеттер мына топтарға бөлінеді: буын және буын жазғыш бұлшықеттер, мүшені жақындатқыш және алшақтатқыш үйлесімді бұлшықеттер.
Бұлшықеттер орналасуына байланысты үлкен 3 топқа бөлінеді: бас, тұлға және аяқ пен қол бұлшықеттері.
Жүрек бұлшықеттері көлденең жолақты ерекше бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кейде айқасып жатады. Жүрек бұлшықеттерінің осындай ерекшелігіне байланысты олар тез жиырылады.
Бас бұлшықеттеріне шайнау және бет – қимыл бұлшықеттері жатады. Шайнауға қатысатын бұлшықеттер жақ сүйектерді қозғалтып, асты ұнтақтауға мүмкіндік береді. Бет – қимыл бұлшықеттері адамның қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді. Бет – қимыл бұлшықетінің қатысуымен адамның қуану және ренжу қалпын, қайырымдылық пен азаматтықты, көңілдік пен ризалықты байқаймыз. Қабақ бұлшықеттері жақ сүйекті қозғалту арқылы сөз сөйлеуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |