Сабақ жүргізуге арналған №3 Әдістемелік нұСҚАУ



бет1/3
Дата22.05.2022
өлшемі58 Kb.
#144633
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ӘН№3.
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!

Ветеринария және мал шаруашылық технологиясы факультетінің
3-ші курс білім алушыларына практикалық-зертханалық сабақ
жүргізуге арналған

№ 3 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Тақырып: Буаздылық физиологиясы.
Сабақтың мақсаты: Аналық малдардың жыныс органдарының құрылысың, топографиясын оқып білу буаздылық ағымымен ұрық қабықтарының және плацентаның құрылысымен танысу. Ұрықтың жасын анықтау.
Мазмұны: Буаз жануарлардың жыныс ағзаларынан препараттар жасау (сойыс материалдарынан). Қағанақ қабаттарын, кіндік бауы құрылысын зерттеп оқу. Төл жасын анықтау. Мұражай препараттарын зертеп оқу.
Сабақ өткізу орын: 8143,8145 аудит.
Керекті заттармен қамтамасыздандыру: музей препараттары, қайшы, линейке, тараз, іш төл, плакаттар.
Сабақтың ұзақтығы: 3 сағат

Сабақты түсіндіру жолы


Буаздылық аналық малдың барлық организмінде және жыныс органдарында үлкен өзгерістермен өтеді.


Буаздылық дамыған жағдайда жатыр көлеміде едәуір үлкейеді. Ірі қара малда жатырдың бос мүйізі іштөл жатқан мүйіздің көлемінен көп кіші болсада бірақ олда үлкейген. Егерде жатыр мүйіздердің әрбіреуінде іш төл дамыса онда екі мүйздің көлемі де бірдей болады. Көп ұрықтылық буаздылық кезінде іш төл екі мүйіздеде орналасады.
Сонымен, сиырдың жатыры буаздылық аяғында салмағы жағынан 4-6 кг, ал ішіндегі сүйықтықпен 50-60 кг болады, саулықтардікі 700 грамға дейін жетеді. Мегежіндердің жатыр мүйізінің ұзындығы буаз кезінде 2,0-3,5 метр, төл жататың жерде жатыр ампула тәрізді үлкейген. Биеде іш төл көп дамыған жағдайда жатыр денесінде кей жағдайда мүйізінде дамиды.
Төмендегі кестеде сиыр іш төлінің даму кезені келтірілген.

Кесте. Сиыр іш төлінің және зародышының жасын анықтайтын негізгі белгілері.





Іш төлдің және зародыш-
тың жасы /ай/

Ұзындығы /см/

Іш төлдің /г/ салмағы

Басқа белгілері

1

0,9-1,3

0,1-0,3

Болмашы төмпешіктер секілді аяқтары пайда бола бастайды, ауыз және көз белгісі көрінеді, желбезек (жаберные) санылаулары
бар.

2

6-7

17-20

Ұрық түрлік келбетіне ие болады, сүт безінің белгісі байқалады.

3

10-16

135-150

Ұрық қарны үлкейген, еркектердің
ұмасы байқалады.

4

22-26

2 кг дейін

Жоғарғы ерінінде және қастарында селдір шаштар байқалады. Бас және құбырлы сүйектерінің диафизі қалыптаса бастаған.

5

35-40

2,5-4 кг

Құлақтардың үштерінде және шеттерінде бірлі жарымды шаштар пайда болады. Аталық жыныс бездері ұмаға түседі.

6

45-60

3,5-6 кг

Қабақ үсті сүйектерінде және ерін терісінде қалын шаштар. Аяқтар көлемінде селдір шаштар, кірпіктер пайда болады.

7

50-75

10-14 кг

Құйрықта, перифериялық аяқтар учаскелерінде, қабақ үсті сүйекте
рінде, ерін көлемінде шаш /тук/ жабыны жақсы дамыған. Омыртқа бойы, теріде және құлақтардың үшінде селдір шаштар.

8

60-85

16-20 кг

Барлық тері бетінде қалын шаш жабыны.

9

80-100

20-74 кг

Дене терісі қалын жүнмен жабылған үстінгі және төменгі жақтын барлық кескіштері жақсы байқалады. Премолярдар тіс жарып /шағын/ келеді.

Сиыр жыныс органдарын еске салу үшін муляжда сиыр жыныс органың көрсетіп қайталау. Сосын буаз малдың жатырына кірусу қажет. Бірінші жатырды байқайды, мойының, денесін мүйіздің үлкен кисігімен кеседі. Жатыр мойының жолы тығыз жабық, буктемелердін арасында қою шырыш тығыны болады. Жатыр мүйізін ашқаннан кейін, оның қабықтарын түсіндіру қажет.


Іш төл үш қабықтардан тұрады: тамырлы (сосудистая), несеп (мочевая), ұрық жанындағы (сулы –водная).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет