Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет143/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1. Эндокринді ағзалардың қандай жіктелісі бар?
2. Қалқанша бездің топографиясын, оның массасын және өлшемдерін сипаттаңыз.
3. Қалқанша маңы бездерінің анатомиялық сипаттамасын беріңіз.
4. Ұйқы безінің эндокрин бөліктерінің топографиясын және анатомиясы
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013

68 Тақыры. Гипофиз, эпифиз, айырша безі, орналасуы,құрылысы


Мақсаты: Эндокринді бездердің құрылыстық ерекшеліктерін оқып білу.
Дәріс жоспары
1. Гипофизге сипаттама
2.Аденогипофиз
3.Нейрогипофиз
4.Қызметтерінің бұзылуы
Дәріс тезистері
Гипофиздің алдыңғы жақта орналасқан гормоны. Гипофиз – ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі. Гипофиз – күрделі мүше, ол аденогипофиз (алдыңғы және орталық бөліктері) және нейрогипофиз(артқы бөлігі). Гипофиздің алдыңғы бөлігі 2 бөлікке бөлінеді: өсу гормоны пролактин және тропты гормондар (тиреотропин, кортикотронпин, гонодатропин).
Бірінші топқа самататропин және пролактин жатады. Өсу гормоны (самататропин) – өсуді реттейді және ақуыздың пайда болуын арттырады. Гипофиздің әсері эпифизарды шеміршектің өсуіне әсер етеді. Сүйектердің ұзына бойлап өсуіне әсер етеді. Самататропты гормонның гипофизді бұзылуы әр түрлі өзгертулерге, адам организмінің дамуы мен өсуіне әсер етеді. Егер бала кезде гиперфункция болса, онда гигантизм дамиды. Гиперфункция болған кезде – ергежейлік болуы мүмкін. Гиперфункция үлкен адам да бойға әсері жоқ, бірақ өсуге қабілеті бар ағза мүшелері үлкейіп өседі.

Пролактин – сүт бездерінің өсіп – жетілуіне байланысты. Бұл кезең (жыныстық жетілу кезеңінде) 10-12 жаста байқалады. Сүт бездері әйел босанғанда және жас сәбиді емізгенде өзінің даму шегіне жетеді, пролактин синтезделіп үлкейеді және лактация кезеңі келеді.


Емуанті жүйке жүйесінің рефлекторлы механизм арқылы пролактин бөлінуін стимулдайды. Пролактинлютеотропты қызметке ие, сары дененің ұзақтығына ықпал етеді және прогестерон өндіріледі. Екінші топқа жатады.
1. Тиреотропты гормон (тиреотропин) – қалқанша безге әсер етеді және оның функциясын жоғарлатады. Тиреотропиннің аз өндірілуінде, қалқанша бездің атрофиясы байқалады. Гиперпродукция болғанда – мөлшерден көп өсуі гистологиялық өзгерістер байқалып, оның активтілігін жоғарлатады.
2. Адренокортикотропты гормон (картикотропин). Глюкокортикоидты өндіруге стимулдайды. Кортикотропин бөлінуге және белоктың синтезін тежейді, антагонлетикалық өсу гормоны. Ол ең негізгі байланыстырғыш ұлпаны тежеп, толық жасушаларды азайтып, капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Осы арқылы ісінуге қарсылығы анықталады. Картикотропин әсерінен өлшемдері және лимфондты мүшелердің салмағы азаяды.
3. Гонадотропты гормондар (гонодатропты – фоллийтропин және лютропин). Әйелдерде де, ерекектерде де болады.
а) фоллитропин (фолликуластимулдайтын гормон), жұмыртқадағы фолликуланың дамуына және оның өсуін стимулдайды және экстрогеннің өндіруіне әсер етеді, ал еркектерде оның әсерінен сперматозоидтар пайда болады.
б) лютеининзирующий гормон (лютропин) – сары денешікпен бірге фолликулаовуляцияланады және өсуін стимулдайды. Ол әйелдерде жыныс бездерінің экстрогендерін пайда болуына жағдай жасайды. Лютропинеректердегіандрогендердіөніруге қабілетті.
2. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлігі. Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин гормоны өндіріледі, ол пигмент алмасу реттейді. Гипофиздің артқы бөлігі супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроның гипоталламусымен тығыз байланысты. Жүйке клеткаларының ядросын нейросекрет өндіреді. Ол гипофиздің артқы бөлігін тасымалдайды.

Гормондар питуицитта жиналады, осы клеткаларда гормондар активті түрге айналады. Жүйке клеткаларда паравентрикулярлы ядрода окситоцин пайда болады. Сурооптикалық ядро нейрондары – вазопрессин түзіледі.


Вазопрессин 2 функциясын атқарады:
1. Қан тамырларының тең салалы бұлшық еттерінің жиырылуын арттырады.
2. Несеп (моча)-тің бүйректе пайда болып қажуы (антидиурентикалық қызмет). Антидиуретикалық қызмет вазопрессин қанның бүйрек какалдарынан қайта жұтуды (соруды) ұлғайтып, қамтамасыз етеді.
Қант диабетінің болмауы, вазопрессиннің азаюына келіп соғады. Окситоцин жатырдың тегіс салалы бұлшықетке әсер етіп, оның жиырылуын арттырады. Жатырдың тез жиырылу үлкейеді, егер ол экстрогеннің әсері болса, жүктілік кезде окситацинжатырдыңжиырылуына әсер етпейді, себебі сары дененің прогестерон гормон арқылы барлық тітіркендіргіштерді сезбейді. Окситоцин сүттің шығуын стимулдайды.
Гипофиз гормондарының гипоталамустың реттеу арқылы пайда болуы.
Гипоталамус талшықтары (нейроны) нейросекрет өндіреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігіне шеберлік деп атайды, ал тежеу кезіндегіні – статин деп атайды. Бұлар нейросекрет өнімдерінен өндіріледі. Осы өндірілген заттардың гипофиздің алдыңғы бөлікке түсу кезінде, қан тамырлары арқылы жүреді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гормондар реттеу арқылы, қайта байланысу принципі бойынша жүреді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі троптың функция мен периферикалық функцияның арасында екі жақты байланыс бар. Тропты гормондар перификалық қалқанша безін активтендіреді, және оның функциясы тропты гормондардың өнімдеріне әсер етеді. Екі жақты байланыс гипофиздің алдыңғы бөлігінде және жыныс бездерінде, қалқанша безінде және бүйрек асты бездерінде болады. Бұл байланысты «плюс – минус» деп атайды. Тропты гормондар перификалық бездерді стимулдайды, ал перификалық бездер гормоны гипофиздің алдыңғы бөлігін басады. Гипоталамус пен тропты гормондардың арасында қайта байланыс бар. Қанда концентрациясының мөлшерден тыс артуы гипофизді гипоталамустағынейросекреттің тежелуіне әкеледі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі тропты гормондардың өндіруін арттырып, парасимпатикалық бөлімі қажиды.
Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.
Салқын қанды жануарлар эпифизіфоторецепциялық аппарат болса, сүтқоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің төбелік көз деп аталатын мүшесінде көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.
Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екі төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пинеальдық және глиялықторшалардан құралады. Бұл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.
Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдізсеротониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.
Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қалыптастырады.
Эпифизтимус гормондарының қалқанша маңы бар. Эпифизтөмпешектің жоғарғы бетінде орналасқан. Эпифиздің ұлпаларынан 2 байланыс ерекшеленген:
1) Мелатонин (пигментті алмасуға қатсады, жыныс бездерін және гонадотропты гормондардың үлкен адамдарда қызметін тежейді). Бұл тікелей мелатонинніңгипоталамусқа әсері, онда люлиберин гипофиздің алдыңғы бөлігінде босатылады; мелатонинлюлиберин қызметін азайтып, лютропинді босатады.
2) Гломерулотропин (альдостерон секрециясын стимулдайды). Тимус (вилочковаяжелеза) – жұпты мүше, жоғары жақта орналасқан. Тимус бірнеше гормондар тудырады: тимозин, гомостатикалықтимусты гормон, тимопоэтин I, II, тимустыгуморальді фактор. Осы гормондар организмде өте маңызды рөль атқарады, олар иммунологиялық қорғаныш реакциясын атқара отырып, антидене пайда болуын стимулдайды. Тимуслимфоциттердің орналасуын және дамуын қадағалайды. Тимус гормоны секрецияны гипофиздің алдыңғы бөлігінде реттейді.

Тимус (вилочкаваяжелеза) бала кезде максимальді дамиды. Жыныстық жетілгеннен соң, ол атрофираватьтай бастайды (без организмнің өсуін стимулдайды және жыныс бездерінің дамуын тежейді).


Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет