Кафедра:
Дерматовенерология
Орындаған: Өскен Ə
Тексерген: Танирбердиевна Л
Тобы: ЖМ17-001-02
Жоспары:
ü
Дерматологияда жергілікті емде қолданылатын
дəрілік заттар
ü
Дəрілік заттың формалары, қолданылулары
ü
Фармакологиялық əсеріне қарай жергілікті
дəрілік заттардың жіктелуі
Тері- венерологиялық ауруларда жергілікті ем кең
қолданылады.Этиологиялық,патогенетикалық жəне
симптоматикалық түрде əсер етеді.Мысалы, қотырда
бензилбензоат эмульсиясын жағу арқылы, аурудың
қоздырғышына əсер ету арқылы науқасқа
этиологиялық түрде, экземада картикостероидты
жақпамайын жағу арқылы аллергиялық-қабынулық
əсер ету арқылы патогенетикалық ем,қышыну кезінде
меновазин ертінідісімен сүрту арқылы
симптоматикалық əсер етеміз.
Тері ауруларымен ауыратын науқастарды емдегенде
кез келген тері ауруларының тек қана жергілікті
патологиялық құбылыс еместігін, оның бүкіл
ағзадағы үлкен немесе кіші дəрежедегі жалпы,
сонымен бірге, жеке мүшелеріндегі немесе
жүйесіндегі өзгерістермен байланысты екендігін
ескеру керек.Сондықтан, көп тері ауруларын
емдегенде тек сыртқы терінің зақымданған
ошақтарын жергілікті емдеумен ғана шектелмей,
сонымен қатар жалпы емді қолдану қолдану қажет.
Тері ауруларын емдеуде жергілікті ем қолдану əр түрлі
мақсатты көздейді. Бірде ол аурудың тікелей себептерін
жоюға, бірде басқа бір жағдайларда зақымданған жерді
сыртқы тітіркендіргіш факторлар ықпалынан қорғау үшін
қолданылады. Көбінесе жергілікті ем - симптоматикалық
ем, терідегі патологиялық өзгерістерді жəне субъективті
сезімді жоюға бағытталған.
Сонымен, жергілікті ем нəтижелі болуы үшін дəрінің
мөлшерін, қолданылатын түрін дұрыс таңдай білу керек.
Жергілікті ем үшін пайдаланылатын дəрі-дəрмектерге
мыналар жатады: ерітінділер (суда, спиртте), опа, паста,
май, бұласыр, лак, қоймалжыңдар.
Фармакологиялық əсеріне байланысты
жергілікті дəрілік заттарды бірнеше топқа
бөліп қарастырамыз:
ü
Қабынуға қарсы
ü
Қышуға қарсы
ü
Кератолитикалық
ü
Микробқа қарсы
ü
Антисептикалық
ü
Фунгицидтік
ü
Паразитке қарсы
ü
Күйдіргіш əсері бар препараттар
Достарыңызбен бөлісу: |