Сулап-таңу үшін 4-5 қабат дəкені салқындатылған ерітіндіге
сулап алып, терінің зақымданған жеріне басады. Əр 3-5-10
минут сайын қайтадан сулап отырады. Осылай 1-1,5 сағат
жасап, 1-2 сағат үзіліс береді. Судың булануы нəтижесінде
сулап-таңу
теріні салқындатып, қан тамырларын тарылтады.
Бұл əдісті терінің жедел ағымды қабыну процесстерінде - тері
қызарып, ісініп, ылғалданып кеткенде қолданылады.
Ылғалды-кебетін таңғышты таңу əдісі: 4-5 қабат дəкені
ерітіндіге батырып, зақымданған жерге жапыстырып, мақтамен
жауып, бинтпен таңады. 3-4 сағат сайын жаңартып тұру керек.
Қыздырғыш компресс созылмалы қабынуда дымқыл
жылуымен əсер етеді. Олар қанды кернетіп, зақымданған жерде
зат алмасуын жақсартады жəне қабынулық сіңбенің ыдырауына
септігін тигізеді Көбінесе дезинфекциялық (анилин бояуы)
жəне қышуға қарсы əсер ететін дəрілердің спирттегі ерітіндісі
жағу немесе сүрту ретінде қолданылады.
.
Опалар
Опа ретінде химиялық қасиеті жағынан бейтарап,
минерал
немесе өсімдіктерден жасалған ұнтақтарды пайдаланады.
Минералдардан опаның құрамында тальк - магнидің кремний
қышқылды тұзы (Talcum), мырыш тотығы (Zinci oxydi), ақ
топырақ (Bolus alba), ал өсімдіктерден - крахмал, көбінесе
бидай крахмалы (Amylum triticum) болады.
Опалар теріні құрғатады, майсыздандырады, жылу беруді
күшейтеді,
теріні суытады, қан тамырларын тарылтады.
Сондықтан оны терінің жедел ағымды қабынуында, ісінгенде,
қызарғанда, қышығанда қолданады.