Девиантты мінез-құлықты балалар және олармен жүргізілетін педагогикалық тәрбие жұмыстары



бет1/3
Дата04.10.2023
өлшемі428,24 Kb.
#183621
  1   2   3
Байланысты:
Девиантты мінез-құлықты балалар және олармен жүргізілетін педагогикалық тәрбие жұмыстары


«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Девиантты мінез-құлықты балалар және олармен жүргізілетін педагогикалық тәрбие жұмыстары

К.Абулкасынова




Біздің әрқайсымыз күн сайын әр түрлі әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтың пайда болуымен кездесеміз: агрессия, қатыгездік, зиянды әдеттер, заңға қарсы іс әрекеттер және т.б. Сонда бірталай сұрақ туындайды. Осындай мінез- құлықтың себебі қандай? Адамың өзіне және маңындағыларға да зиян тигізуіне не апарады? Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді. Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын ойлантпай қоймайды
-девиантты мінез- құлық деген не; 
- девиантты мінез-құлық балалармен алдын алу жұмысын ұйымдастыруында комиссияның ролі
- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің психологиялық проблемасы; 
-тәрбиеге қиын бағынатын жасөспірімдердің психологиялық және биологиялық факторлары, сонымен қатар әр түрлі ауруларға тап болған балалар мінез-құлқының бұзулуы; 
- жасөспірімдердің өмірінде девианттық құбылыстары; 
- кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мінез-құлық; 
-жалпы білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлқы жасөспіріммен жұмыс ұйымдастырылуы;

Жалпы білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлқы балалармен алдын алу жұмысты өткізту үшін мүдделі мемлекеттік органдарға және . Ұлы бабамыз Абай жастарды оқу білімге шақыра отырып, адамгершілік қасиеттерде игеруге меңзейді. Абай өзінің ең басты міндетті - халыққа қызмет ету деп, жастардың еліне, халқына зор махаббатпен қарауды талап етеді. Қандай жақсы мінез не келіссіз қылық туралы айтсақ та, соның арғы жағында нақты адам бар екенін ұмытпаумыз керек. Жамандық немесе жақсылық дегеніміз дерексіз нәрселер емес. Адам жақсыны да, жаманды да көріп соларды салыстыру арқылы тұжырым жасайды. Ащыны білмеген тәттіні білмейтіні, қараңғыны көрмеген - жарық сәуленің қасиетін сезінбейтіні сияқты, біздің өмірдегі құбылыстарға адам бойындағы қасиеттерге беретін бағамыз, көзқарасымыз біздің өмірден түйген әсеріміздің жемісі.

Қазіргі таңда қоғамызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, тәртіпсіздік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.Кейбір балалардың мінез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері және қалыпты нормадан ауытқуы, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған ақыл мен міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектептегі талаптарды тыңдамау салдарынан туындайтын іс - әрекеттерді «девиант»деп айтамыз. Бұл тәртіп бұзу, адамгершілік мінез құлықты сақтамау және заң нормаларына бағынбаудан келіп туындататын жасөспірімдер.Девиантты мінез - құлқы балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызу болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлерде бақылау керек.


Басты жеке тұлғаның дамуы, тәрбие ошағы және жан - жақты әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан әкеліп соғады.
Баланың 13 - 15 жастағы іс - әрекетіне оның жыныстық дамуына да әсер етеді. Ертең жыныстық дамыған эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы, кейбір тәртіп бұзушылық болып тұрады. Кеш жыныстық дамуы балаға қалай әсер етеді? Ол болбыр, шашыраңқы, өз - өзіне сенімсіз, әрі ортаға бейімдеуі қиындық тудырады.«Қиын» балалардың мінез құлықтары: сенімсіздік, көңіл күйі бір қалыпты емес, ашуланшақ, болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады.психикалық дамудың үйлеспеушілігі адам дамуының қарама-қайшылығы, тұрақсыздығы оқу мотивінің үйлеспеу і әлеуметтік мәдениетінің төмендігі оқу үлгерімнің төмендігі мінез-құлқының ортаға сәйкессіздігі мектепте қобалжу «мен» бейнесінің бұзылуы талап деңгейініңсәйкессіздігіқажеттіліккеқанағаттанбауыДевианттыбалалардың мінезінекіге бөліп қарауға болады.
Жоғарғы жастағы жасөспірімдер мінез - құлқы өз бетінше өмір сүруге, өзі шешім қабылдау, өмірге көз қарасы, қызығушылығы өзгереді. Олар өзінен үлкен адамдардың ақылын тыңдаудан бас тартады.Жасөспірім тәртібінің өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
1. Делинквенттік тәртіп:
Олардың іс - әрекеті ұсақ-түйек бұзушылықпен шектеледі:
сабаққа қатыспау, әлеуметтік тәртіпке қарсы ұйымдармен тығыз қарым - қатынаста болуы.
Бұзақылық, мазақтау, өзінен әлсіз адамдарды қорқыту арқылы ақша талап ету жолдарымен тікелей байланыста. Мұның бәрі әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан туындайды.
Олар 30 - 80 % толық емес отбасы, 70% жасөспірімдердің күрделі мінез - құлықтың ауытқуы.

2. Маскүнемдікпен нашақорлыққа ерте салынуы.Жас жеткіншектердің отбасынан үлкендердің ішімдікке салынуы, баланы нашақорлыққа апаратын басты себебі.


Топтық ұйымдарда ересек боп көрінуі, соған қызығушылық арттыру, ойлау қабілетінің өзгертуі.
Жасөспірім нашаны көңіл - күйінің көтеріңкі болуы үшін қолданады, кейін өзіне толық сенімді болуы үшін қабылдайды.
3. Гиперкинетикалық іс - әрекет бұзылуы
Бір істі аяғына жеткізбей, табандылық көрсетпеуі, қандай іс болмасын аяғына дейін жеткізбей тастап кетуі, жауапкершіліксіз қарауы болып табылады. Бұл балалар ақыл - ойы төмен, теріс қылықтарға бейім, үнемі түрлі жағдайға түсіп қалып жауапкершіліктен бас тартады. Үлкендермен қарым - қатынаста ара қашықта, өзін - өзі бағалауы төмен.
4. Отбасындағы тәртіп шектелуі
Ол әлеуметтік тәртіп бұзушылық немесе теріс қылықтар(қарсыласу, дөрекілік) үй ішінде және тума - туыс арасында көрсететін бұрыс іс әрекеттер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет