Байланысты: Девиантты мінез-құлықты балалар және олармен жүргізілетін педагогикалық тәрбие жұмыстары
5.Әлеуметсіздік тәртіптің бұзылуы Әлеуметтік норманы бұзушылық немесе мінез - құлықтағы ауытқулар, қарым - қатынастың бұзылуы, ортадағы балалармен қарым - қатынас жасай алмауы мінезделеді: көбіне ол жалғыз боп келеді. Эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы мүмкін. Типтік тәртіпке, төбелеске құмар, бұзақылық, ақша талап ету, ұрып - соғу, үлкенің тілін алмау, өзін - өзі ұстай алмауы, өртеу, қылмыстарын жатқызуға болады. Бір қатар ғалымдардың пайымдауынша, девиация дегеніміз – қалып пен ауытқушылықтың арасындағы шек, қалыптың ең шеткі нұсқасы. Девианттылықты қалып туралы білімге сүйене отырып қана анықтауға болады. Медицинадағы қалып – бұл нағыз дені сау адам; педагогиккада – барлық пәндер бойынша оқу үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде – қылмыстың болмауы. Бұл идеалды қалыптар (нормалар). Алайда үйлесімді норма әр түрлі жастағы адамдар психологиясының тұрақты айырмашылықтарын, олардың өмірлерінің анағұрлым мәнді және бағалы жақтарын көрсетпейді. Сәйкесінше, норманы шектеу және девиация барысында бағдар ретінде қолданылатын, жеке тұлға уақытының және тұрғылықты орнының ерекшеліктерін ескеретіндей, оның жас мөлшерлік нұсқалары да болуы тиіс. Жас мөлшерлік мінез-құлықтық норманы бағалау үрдісінде белгілі бір жастағы адамға тән коммуникативті стиль; еріктік сипаттамалар; интеллектуалдық, эмоционалдық және психомоторлық ерекшеліктер; жазбаша және ауызша тіл стильдері сияқты іс-әрекеттердің түрлі стильдерін талдаған жөн. Сондықтан девиант деп, «жай бір мәрте және кездейсоқ мінез-құлықтық нормадан ауытқып кеткен жасөспірімді емес, тұрақты түрде девианттық мінез-құлық танытатын», әлеуметтік-теріс сипаттағы жасөспірімді атаған жөн. Белгілі бір қосымша түсініктермен қатар, девианттарға дарынды жастар санатын да жатқызуға болады, өйткені біріншісі де, екіншісі де өз құрбылары арасынан шынайы өмірде де, білім беру мекемелерінде де айқын ерекшеленеді. Маңызды факторлар: • оқушының жеке-даралығын, оның өткені мен қажеттіліктерін түсіну жән құрметтеу; • оқушы өз ойын білдіре алатын қауіпсіз әрі бейтарап орта/жағдай қалыптастыру; • оқушылардың көзқарастарын, пікірлері мен қиындықтарын күрделі талқылау; • оқушылар мен ересектер арасындағы ашық қарым-қатынас арналары; • ересектер мен оқушылар арасындағы үнемі қолдауда болатын байланыс және эмоционалдық әрі оқу мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсету ұсынысы; • ересектер мен оқушылар арасындағы кері байланыстың тұрақты қолданыста бола-тын тізбегі; • мұғалімдер/қызметкерлер мен оқушыларға бірлескен іс-шараларға қатысу мүмкіндігін ұсыну; • оқытушылар құрамынан басқа ересектер желісіне енуді кеңейту (арнайы және қалған қызметкерлер); • мектептегі топтық жұмысты насихаттау, оқушылардың нақты қажеттіліктерін талқылау үшін оқытушылар мен басқа қызметкерлердің тұрақты кездесулерін ұйымдастыру; • мектеп күтетін (ғылыми және мінез-құлықтық) және мектеп қамқорлығының нақты тұжырымдамасы. Тәлімгерлерді көбінесе сенімді кеңесшілер деп атайды. Жағдай мен ресурстарға байланысты тәлімгерлер мектеп қызметкерлерінен, жастардан немесе қоғамның басқа мүшелерінен жинақталады. . 6.5 Оқушыларға қолдау көрсету Мектепке бармайтын балаларды және оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау және барлық әдебиет көздерінде бұл мектептен шығарылудың алдын алу қажет Сонымен болашақ жастардікі. Өйткені олар XXI ғасырда өркениетті Қазақстанда өмір сүреді. Бұл ғасырда нағыз азамат рухани нәр алатын қоғамда, бұрын - соңды болмаған жаңа жүйеде қалыптасады. Сөз жоқ, жеке тұлға адамның рухани санасы оянады. ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы ерекше дәуір болуы тиіс.Ол дәуірде азамат өзін - өзі танып, біліп қана қоймай, осы қоғамның біртұтас бөлшегі екендігін сезінуі тиіс. Сонымен баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мектеп - ата - ана - тығыз байланыста болу керек. Әл – Фараби бабамыз айтқандай «Әрекетіміз дұрыс болу үшін соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін анықтап алуға тиіспіз».