Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы


Индукцияланған және тосын мутациялар



бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі208,47 Kb.
#129864
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
101-36
Эссе
Индукцияланған және тосын мутациялар. Мутация – кездейсоқ «бұзылуға», қалыпты үдерістердегі тұқымқуалаушылық белгілерді берудегі қателерге байланысты тұқымқуалаушылық материалдың тұрақты өзгеруі екені естеріңде болар.
  Барлық мутацияны тосын (табиғи) және индукцияланған – мутагендердің міндетті әсері кезіндегі және қолдан жасалған деп бөлуге болады. Индукцияланған мутацияларға: 1) мутагендердің белгілі бір дозасының әсерінен зертханада мақсатқа сай алынған; 2) ядролық бомбалау немесе АЭС-тегі апат салдарынан мутагендер шығарылған кезде алынған; 3) адам қатысынсыз, мысалы, жер сілкінген кезде геологиялық қабаттардың ығысуы нәтижесінде радиоактивті қазбалар жер бетіне шыққанда, табиғи мутагендік әсер күрт өзгергенде алынған мутациялар жатады.
  Тосын мутациялар үнемі, өздігінен, қандай да бір өзгеше әсерсіз, ағзаның қалыпты тіршілік ету жағдайында пайда болады. Бірақ мұндай мутация мөлшері өте аз. Мысалы, ғалымдар әрбір нуклеотидтің бір жасушада болған кезінде 0,0000000001-ден 0,0000000000001%-ға дейінгі ықтималдылықта мутациялай алатынын есептеген. Бірақ жасушадағы нуклеотид мөлшерін және жасушалық бөлінуді ескерсек, көпжасушалы ағзаның бүкіл тіршілігінде (немесе бактерия жасушасының ұрпақтарының мөлшері) табиғи мутациялардың қандай да бір мөлшерінің пайда болуы ақылға қонбайтын болып есептелмейді.
  Мутациялар тірі жасушада жүретін үдерістер барысында үнемі пайда болып отырады. Олар пайда болатын негізгі үдерістер бұл – ДНҚ репликациясы және генетикалық рекомбинация (генетикалық материалмен алмасу үдерістері).
  Мутацияның репликациямен байланысы жүретін үдерістердің күрделілігімен және жоғары жиілігімен түсіндіріледі. Репликация – кез келген жасушаның көбеюіне міндетті түрде алғышарт болатын ДНҚ молекуласының екі еселену үдерісі. Бұл үдеріс – жеткілікті дәрежеде күрделі, сонымен бір мезгілде ерекше тез. Мысалы, эукариоттарда, секундына шамамен 100 нуклеотид, ал прокариоттарда мыңдаған нуклеотид репликацияланады. ДНҚ-ның – комплементарлық принципі бойынша белгілі бір жұп А–Т және Г–Ц түзетін екі тізбекті молекула екенін білесіңдер. Күрделі ферменттердің көп мөлшерімен бақыланатын репликация кезінде міндетті түрде «қателер» пайда болады. Ең жиі кездесетін және ең ұсақ мутациялар гендік немесе нүктелік деп аталады. Олар бір ген шегінде бір немесе бірнеше нуклеотидтің өзгеруі болып табылады. Тіпті мутагендер әсерінен бірнеше ген мутацияланса да, бұл жағдайда репликациядағы қатеге қайтадан синтезделген ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер ретінің өзгеруі жатады.
  Барлық мутацияларды – репликация «қатесін» жалпы 4 топқа бөлуге болады.
  1. Ген жалпы бір нуклеотидке қысқа болғанда нуклеотидтің түсіп қалуы. Осындай өзгеру нәтижесінде нәруыздағы аминқышқылдарының барлық реті өзгереді.



  2. Нуклеотидтердің екі еселенуі (дупликация). Бұл кезде де нуклеотидтің түсіп қалуы кезіндегідей өзгеріс болады, яғни жылжиды.
  3. Нуклеотидтердің қондырылуы – генетикалық кодта бастапқы ДНҚ-ға тән емес артық нуклеотидтің пайда болуы. Бұл – екі еселенудің бір түрі.
  4. Алмастыру – бір нуклеотидтің басқасымен алмасуына байланысты өзгеріс.
  Мутацияның осы 4 тобы туралы мәліметтер 5-кестеде берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет