Шамов сынамасы:Науқасқа аяғын тізе буынын жазған күйде бүкпей 2-3 минутқа жоғары көтертеді және санының жоғарғы 1\3 бөлігінің ортасына систолалық қысымнан жоғарылатқан қысымы бар Рива-Роччи аппаратының манжеткасын салады. Осыдан кейін аяқты горизонтальды жағдайда ұстап, 4-5 мин кейін манжетканы шешеді. Сау адамдарда орташа есеппен алғанда 30 с кейін бақайларының сыртқы бетінде реактивті гиперемия пайда болады. Егер ол 11/2 мин кейін пайда болса- салыстырмалы түрдегі шамалы қан айналымының жеткіліксіздігі, ал 11/2-3мин-қа кешіксе-орташа жеткіліксіздігі, егер 3 мин артық кешіксе- аса ауыр жеткіліксіздігі бар.
Оппельдің плантарлы ишемия симптомы: Жоғары қарай көтерілген зақымдалған аяқ табанының ішкі беті терісінің бозаруына негізделген симптом болып табылады. Бозарудың пайда болу жылдамдығына байланысты зақымдалған аяқтағы қан айналымының жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаймыз; ауыр ишемия кезінде ол 4-6 с ішінде пайда болады.
Гольдфлам сынамасы: Оны мынадай кезекпен орындайды:науқас арқасымен жатып, аяғын төсектен жоғары көтереді және голеностопный буынын бүгіп жазады.Қан айналымы бұзылса- 10-20 рет осындай қозғалыстар жасағаннан кейін науқастың аяғы тала бастайды. Бірмезгілде табанның ішкі бетінің түсіне (Самюэльс сынамасы) назар аударамыз. Қан айналымының ауыр жеткіліксіздігінде бірнеше секунд ішінде табанның бозаруы байқалады.