Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


саты- функциональды компенсация сатысы



бет53/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

1 саты- функциональды компенсация сатысы. Науқастар бақайлардың ұштарында тоңу, кейде шаншу мен күйдіруге, қатты әлсіздік пен шаршауға шағымданады. Үсігенде аяқтың түсі бозғылт тартып, ұстағанда суық екені сезіледі. 4^5 кда^ч^ва жылдамдықпен 1000 м-ден артық қашықтықты жүргенде ауысатын ақсаңдау пайда болады. Себебі науқас көп жұргенде балтыр мен табан бұлшықеттерінде ауырсынуды сезе бастап тоқтауына тура келеді. Осы симптомның патогенезінде көптеген факторлардың маңызы бар, соның ішінде бұлшықеттердің жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етілуі, оттегінің утилизациясының бұзылуы, тіндерде зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналуы ықпал етеді. Осы сатыдағы табан артериясындағы пульс әлсіз немесе анықталмайды.

  • 2 саты – субкомпенсация сатысы. Алмасатын ақсаңдаудың интенсивтілігі артады және жоғарыда көрсетілген темппен жүргенде ақсаңдау 200 м жүргенде (Па сатысы ) пайда болады. Табан мен балтыр терісінің өзіне тән эластикалық қасиеті төмендейді, құрғайды, қабыршақталады және табан астының терісінде гиперкератоз пайда болады. Тырнақ өсуі баялайды, қалыңдайды, сынғыш келеді, сұрғылт тартып өңі кетеді. Зақымдалған жердегі шаштардың өсуі бұзылып тақырланады. Тері асты клетчаткасының және ұсақ бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Табан артериясындағы пульсация анықталмайды.

  • 3 саты – декомпенсация сатысы. Зақымдалған аяқтағы ауырсыну тыныштық жағдайында пайда болады, науқас тек 25-30 м қашықтыққа дейін жүре алады. Тері түсі зақымдалған аяқтың орналасу жағдайына сәйкес жедел өзгереді:
    Жоғары көтергенде-бозарады
    Төмен түсіргенде қызарады
    Соңында жұқарып, тез жарақаттанғыш болып келеді. Қажалу, соғу, тырнақ алу кезіндегі шамалы жарақаттар жарылулар мен беткей ауырсынулы жаралардың түзілуіне әкеледі.Ауырсынуды басу үшін науқас аяғын төмен түсіріп мәжбүрлік жағдайда ұстайды. Балтыр мен табан бұлшықеттерінің атрофиясы үдейді. Еңбекке қабілеті төмендейді.

  • 4 саты- деструктивті өзгерістер сатысы.Табан мен бақайларда ауырсыну тұрақты және шыдатпайтын болып келеді. Түзілетін жаралар көбіне аяқтың дистальды бөлімінде, жиі бақайларда орналасады. Жара шеті мен түбі лас-сұр түсті, ал грануляциялары болмайды, айналасында қабынулы инфильтрация бар.Балтыр мен табанның ісінуі қосылады. Бақайлар мен табанның дамитын гангренасы ылғалды болып келеді. Сан және тізе асты артериясындағы пульсация жоғары өрмелейтін артериальды тромбоздың әсерінен анықталмауы мүмкін.Еңбекке қабілеттілігі осы сатыда толық жойылған. Облитерациялаушы эндартерииттің ағымы көбіне ұзақ, көп жылдарға созылады. Ол өршу мен ремиссиялармен сипаттталады. Өршуі көбіне жиі күзде және көктемде байқалады.



  • 1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   125




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет