Диагностиканың ЖӘне емдеудің клиникалық хаттамасы темір тапшылықты анемия


Темірдің парентеральді препараттары



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата23.04.2024
өлшемі0,81 Mb.
#201200
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
59f5a6161cc59736ec2234b3d80c1988

 
Темірдің парентеральді препараттары. 
Темірдің парентеральді препараттарын тағайындауға көрсетімдер [1, 11]:

Ішек патологиясы кезіндегі сіңірілудің бұзылушылығы (энтериттер, сіңірілудің 
жеткіліксіздігі синдромы, жіңішке ішектің резекциясы, он екі елі ішектің сөндірілуімен Бильрот 
ІІ әдісі бойынша асқазан резекциясы); 

Өзге әдістермен жойылмаған, пероральді терапияның айқын гастроинтестинальді қарсы 
әсерлері; 

Ұдайы қанкетулер, олардың кезінде темір тапшылығының қажеттілігі темірді сіңіруге 
қажетті физиологиялық мүмкіндіктерден асып түседі (мысалы, ауыр аналық қанкетулер, 
шырышты қабаттардың зақымдалуымен тұқым қуалайтын геморрагиялық телеангиоэктазия); 

Пациенттің темір тапшылығын тез арада орнын толтыруды қалауы (1-2 қаралуда) және ұзақ 
көпайлық ферротерапиядан бас тартуы; 
Қандағы гемоглобин деңгейін қайта қалпына келтіру үшін және ағзадағы темір қорының орнын 
толтыру үшін қажетті кумулятивті дозаны ТП-ын вена ішілік енгізу кезінде Ганзони формуласы 
бойынша есептейді; 
Темірдің кумулятивті тапшылығы (мг)
= дене массасы (кг) ×
мақсатты Hb (
г
л
) − нақты Hb(
г
л
)
10
× 2,4 + темір депосы
∗ (мг)
*дене массасы >35 кг адамның темір депосы және = 35 кг = 500 мг және <35 кг = 15 мг/кг дене массасы.
Сарапшылардың ойы бойынша, парентеральді препараттарды енгізу кезінде, темірдің шамадан 
тыс болуының алдын алу үшін есептелген дозалардан асып кетпеу ұсынылады және белсенді 
инфекциялары бар пациенттерге оларды пайдалануға ұсынылмайды (дәлелділік деңгейі D). [9]
Қарапайым темірдің 1000 мг-нан асқан курстық дозасынан асып кету едәуір клиникалық 
тиімділікке ие дегеннің дәлелі жоқ [9] . Бұл доза бір рет енгізілуі мүмкін немесе парентеральді 
темірдің нақты препаратына байланысты бірнеше рет енгізілуі мүмкін.
Парентеральді енгізуге арналған темір препараттары (карбоксимальтозат темірі, глюконат темірі, 
ферумокситол, сахарат темірі, изомальтозид темірі және темірдің төменгі молекулалық 
декстраны) ТТА терапиясында ұқсас тиімділікке ие болады [1, 6, 9]. Қарсы әсерлердің жиілігі
көрсетілген препараттар арасындағы ауыр аллергиялық әсерлерді қоса отырып, ұқсас болады, 
әлемнің көптеген елдерінде рұқсат етілмеген жоғарғы молекулалық декстраннан өзге [12]. 
Жүйелік көріністің және 2015 жылы жүргізілген 102 рандомизирленген зерттеулердің мета-
талдауларының деректеріне сәйкес, темір препараттарымен жүргізілген терапия плацебо және 
пероральді препараттармен терапиямен салыстырғанда ауыр аллергиялық әсердің жиілігімен 
сүймелденбеген, және 10 000-нан астам пациенттер арасында бірде бір летальді жағдай 
тіркелмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет